113
Әрбір баланың жеке
ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде
байқалады. Жеке ерекшеліктерге – түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке
адам бойындағы мінез-құлық,
темперамент, қабілет сияқты қасиеттер жатады.
Жүйке жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез-құлығы, темпераменті және
қабілетінің табиғи негізін құрайды.
Жеке қабілеттердің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне
байланысты. Мұғалім
балалардың жеке ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез-
құлқына сәйкес жете білуі қажет. Жеке адамның дүниенің сезгіштігі және
қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.
Дарындылық
– адамның интеллектуалдык мүмкіндігімен байланысты
болатын қабілеттіліктердің бірлігі, оның іс-қимылының
деңгейі мен өзіндік
ерекшелігі.
Қабілеттілік
–
бұл бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір адамның
басқа адамдарға қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз
ететін мүмкіншілік.
Темперамент
деп жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекетерінен
көрінетін меншікті дара өзгешелігін атайды.
Холерик
–
эмоциялық шапшаң, күшті, тұрақты болады. Ол
белсенді іске
шапшаң кірісіп, аяқтап шығады, шыдамсыз, өкпелегіш, ашуланшақ.
Сангвиник
–
эмоциялық қызы шапшаң, күшті, бірақ көп тұрақтанбайды.
Қызулы, жеңілтек,
бастаған істі аяқсыз қалдырады, уәдені көп береді, бірақ
көбіне оны орындамайды.
Меланхолик
–
қозуы шапшаң, күшті, тұрақты, момын, тұйық, жасқаншақ,
ұжымнан бөлек жүреді, іске бірден кіріспейді, бастап кетсе аяқтайды.
Флегматик
–
қозуы әлсіз, байсалды, кісімен араласпайды, орнықты, іске
өте баяу кіріседі, бірақ тиянақты орындайды.
Мұғалім сабақ үстінде, тәрбие барысында балалардың мінез-құлықтарын
ескеріп темпераментін тәрбиелейді. Мысалы, сангвиник
баланың іс-әрекетін
үнемі бақылап, берген тапсырманы орындалуын қадағалап отыруы керек болса,
ал меланхоликті белсенділікке, ынтымақтастыққа,
ұжымшылдыққа тәрбиелеу
қажет.
Акселерация (латын сөзі
«акелероцио»
– жеделдету, тез қарқынмен даму)
балалық және жеткіншек жастағылардың дене және психикалық даму жағынан
Достарыңызбен бөлісу: