110
тарапынан ықпал жасаушы. Мақсатты, саналы, белсенді іс-әрекет баланың өзін-
өзі тәрбиелеумен байланысты. Бала өзін қоршаған
ортада қоғам талабына сай
өмір сүреді, еңбек ететін белсенді жеке адам ретінде қалыптасуы керек.
Педагогикалық процестегі оқушылардың іс-әрекеттерін қарастыра отырып,
педагогикалық мақсатты ұйымдастырған іс-әрекет
олардың шығармашылық
белсенділігін қалыптастыру жағдайы болады. Іс-әрекет түрлері (қарым-қатынас,
ойын, еңбек) жеке тұлғаның белгілі бір қасиеттерін дамытуға бағытталады.
Жеке тұлғаның дамуының қозғаушы күші мен оның көзі –
тұлғаның сол
кезге дейінгі жинақталған интеллектуалдық, адамгершілік және рухани әлеуетін
пайдалана отырып, өзін-өзі жетілдіру мен жеке дамуға
бағытталған қажеттілігі
болып табылады.
Жалпы тұлға дамуына әсер ететін негізгі факторлар –
іс-әрекет пен қарым-
қатынас. Бұлар тұлға дамуының қозғаушы күштері.
Адамның адамгершілік,
белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады.
Сонымен қатар жеке тұлғаны дамытудың қозғаушы күштері 3-ке бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: