Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесінің



Pdf көрінісі
бет20/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру жүйесінің 
дамуы.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасың басты мақсаты –экономиканың 
және азаматтардың әл-ауқатының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін білім беру 
жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту үшін оны 
түбегейлі жаңғырту. 
 
Инклюзивті білім беру дегеніміз – баланың мүмкіншілігінің шектеулі 
болғанына қарамастан мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы орта білім 
беретін мектептерде толықтай білім алуын қамтамасыз ету. Инклюзивті білім 
беру қоғамның барлық істерінде баланың теңдігін ынталандыруға бағытталады. 
Инклюзивті білім беру төмендегідей принциптерді басшылыққа алады: 
- адамның құндылығы оның қабілеттеріне байланысты болмайды; 
- әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті; 
- әрбір адам қарым-қатынас жасауға және іс-әрекет жасауға қабілетті; 
- әрбір адамның бір-біріне деген қажеттілігі орын алады: әрбір адам өзін 
қолдауға және достыққа мәжбүр. 
Инклюзивті білім беру оған қатысатын әрбір адамның бойында 
төмендегідей құндылықтарды сіңіруге үйретеді: теңдік; шыдамдылық; сол 
күйінде қабылдау.


15 
Дүниежүзінде инклюзивті білім беру мен оқытуда алдыңғы қатарда тұрған 
мемлекет – онша бай емес мемлекет Италия. Италияда ерекше дамып келе 
жатқан 4 балаға 1 педагогтан келеді. Егер сыныпта көзі көрмейтін, не құлағы 
мүлде естімейтін бала болса,онда барлық сыныптың оқушылары Брайль 
әліппесін үйренеді және ишаратпен түсіндіруді үйренуі тиіс. Ең бастысы – 
жылулық пен қамқорлықты сезіну. Италияда 1992 жылғы шыққан заң тек қана 
балаларды әлеуметтендіру мәселесін қайталайды, сондай-ақ академиялық 
пәндерді сапалы оқытуды да көздейді. 
Ал 2003 жылдан бастап Италияның Білім беру министрлігі барлық мектеп 
директорларын жұмыстан қол үзбей инклюзивті білім беретін жолдарын 
қарастыратын курстарға қатысуды міндеттейді, ал жалпы білім беретін мектеп 
мұғалімдері жылына 1 рет 40 сағаттық инклюзивті білім беру бойынша кәсіби 
біліктілікті арттыру курстарын өтуге міндетті. Кейбір мемлекеттерде, атап 
айтқанда Канадада мектептің жалпы бюджетінің бір бөлігі – интеграцияға 
бөлінеді.
Интеграция – (латын сөзі 
integration
, тікелей аудармасы – қалпына келтіру, 
толықтыру) қандай да бір бөліктің, элементтердің тұтасқа бірігуі. 
Интеграцияның анықтамасынан көрініп тұрғандай, 
интеграция
– бұл қалыпқа 
келтіру, толықтыру; жеке тұлға мен топтардың әлеуметтік бірлестікке бірігуі; 
физикалық-психологиялық ерекшеліктері бар балаларға көмек .
Шетелдерде инклюзивті білім беруде тек педагогтер қатыспайды. Олар: 
мектептің оқушылары; ата-аналар; жоғары сыныптың оқушылары; жергілікті 
колледж пен педагогикалық жоғары оқу орындары; қоғамдық мекемелер және 
т.б.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында инклюзивті білім 
беру бойынша игі жұмыстар қолға алынуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет