Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


І2-жылдық орта білім беру моделі



Pdf көрінісі
бет21/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

 
І2-жылдық орта білім беру моделі.
Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық 
білім беру стандарты қалыптасты. Еуропа кеңесінің (1992 ж.) Декларациясына 
сәйкес 12 жылдық білім беру әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жүзеге 
асырылуда. Олардың ішінде дамыған елдерден: АҚШ, Жапония, Германия, 
Франция және т.б. бар. ТМД елдерінен 12 жылдық оқыту мерзімін Беларусь, 
Украина, Өзбекстан және Балтық елдері таңдады. 
Қазақстанның 12 жылдық білім беруге көшуі қазақстандық білім мазмұнын 
жаңғыртудағы білім берудің жаңа ұлттық моделін жобалаудың стратегиялық 
міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді. 
12 жылдық оқыту моделіне көшудегі жалпы орта білім берудің мақсаты

жалпы білім беретін мектептерде ҚР-ның зияткерлік, дене бітімі және рухани 
дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін 
қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің 
экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту.


16 
12 жылдық білім беру мазмұнының базалық принципі
 
– әрбір мектепте 
тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі 
білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру. 
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС) коммуникативтік 
дағдыларды, ақпараттар мен технологияларды басқара білуді, проблемаларды 
шешуді, іскерлік пен креативтілікті қалыптастыратын білімді алудағы тұлғаның 
дамуын, дербестігін қамтамасыз ететін нәтижеге бағытталады.
12 жылдық білім беру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім 
мекетепалды даярлау олардың психологиялық, педагогикалық, дене және 
физиологиялық талаптарын ескере отырып, бастауыш мектепке оқытуға 
дайындау сапасының басты жағдайы ретінде жүзеге асырылуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет