Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


-саты. Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар). Оқыту ұзақтығы – 2



Pdf көрінісі
бет24/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

3-саты. Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар). Оқыту ұзақтығы – 2 
жыл.
Үшінші сатының бағдары жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып 
табылатын оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін 
жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін 
талабымен, қызығушылық ниетімен сәйкес әлеуметтендіру бағдарланған 
бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау. 
Бейіндік оқыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық 
немесе технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады. 


17 
12 жылдық білім жүйесіне көшуде мектеп алдына негізгі екі бағытты 
басшылыққа алады: оқушының жеке қабілетін есепке ала отырып жеке даралық 
бағытта оқыту; ішкі қажеттіліктерді есепке ала отырып жеке даралық бағытта 
оқыту.
12 жылдық білім жүйесі бойынша бұл бағыттарды жүзеге асыру үшін 
мұғалім негізгі үш компонентпен таныс болуы тиіс. Олар:
1) Инварианттық компонент – мемлекеттің базалық оқу стандарты 
жүйесіндегі талаптар мен мазмұндарға жауап беретіндей жалпы міндетті оқу 
жоспарының бөлімін меңгеру. 
2) Профильдік компонент – профильдік оқу стандарты талаптарының 
мазмұнында көрсетілгендей оқу курстарының тереңділігін, оқытылатын 
пәндердің өзара байланыстылығын меңгеру.
3) Тұлғалық компонент – оқушылардың өзіндік зерттеушілік дағдыларын 
қалыптастыруға байланысты мектеп ұсынған арнайы таңдау курстарын, оқу 
жоспарларын меңгеру. 
12 жылдық білім беру жүйесіне көшудегі білім берудің ерекшелігі: 
- ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты 
дамуы; 
- өз пікірі мен ойын ашық жеткізуі; 
- адамға табиғатынан берілген шығармашылық қабілетін толық іске 
асыруы. 
12 жылдық білім беру жүйесіне көшудегі білім берудің басты мақсаты – 
қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз 
ойын еркін айта білуге, өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге 
бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшудегі білім беру мазмұнын 
жаңартудың негізгі бағыттары: 
-
білім беру мазмұнын қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық 
талабына сәйкестендіру; 
-
білім беру мазмұнын ізгілендіруді, оның вариативтілігін қамтамасыз 
ету; 
-
өз бетімен білім алуға, оны практикада қолдана білуге және 
қажеттілікке тәрбиелеуге бағытталған, негізгі құзырлылық қалыптастыруға 
ықпал ететін білім мазмұнымен қамтамасыз ету; 
-
танымдық қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған білім 
мазмұнын таңдау; 
-
білім мазмұнын оқушының ғылыми тәсілмен тануына, өз бетімен 
ізденуіне мақсатты және жүйелі тартуға бағдарлау. 
Қазақстан Республикасында
оқытудың 12 жылдық моделіне көшу 
жаңартылған білім мазмұнына көшу нобайы ретінде қарастырылады (2- кесте). 


18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет