20
1.2 Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
Кәсіп және мамандық туралы түсінік.
Кәсіп – бұл адам белгілі бір білім мен дағдыны меңгеруін және оған сәйкес
қабілеттер мен кәсіби маңызды қасиеттер болуын қамтамасыз ету үшін қоғамға
қажетті іс-әрекеттің тарихи пайда болу формасы.
Мұғалім – өскелең ұрпақтың интеллектуалдық
негізін және рухани
дүниесін қалыптастырушы, сонымен катар ол халқымыздың болашағы болып
саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі.
Педагог –
өз кәсібін, өз пәнін, шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін маман.
Тез өзгермелі қоғамдағы білікті педагог –
педагогикалық құралдардың
барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіріп отыратын,
рухани жағынан
дамыған, шығармашыл креативті тұлға. Мұғалім адам жанының инженері,
мінез-құлық сәулетшісі, ауру шипагері, ақыл-ой мен естің жаттықтырушысы, ой
мен сезім дирижері,
адамның алғашқы әділ қазысы, жас өркенді мәпелеуші
бағбаны.
Мұғалімдік мамандық жан-жақты білімді,
шынайы сезімтал болуды,
балаларға шексіз сүйіспеншілікті қажет етеді. Әр күн сайын балаларға қуаныш
әкелгенде ғана оларды ғылымға ынталандыруға, еңбекке баулуға, адамгершілік
негіздерін сіңіруге, иландыруға болады.
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, күрделі және қызықты, шым-
шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Ал
педагогикалық шеберлік
пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады
(В.А.Сухомлинский).
Достарыңызбен бөлісу: