Педагогикалық мамандықтың өзгешелігі, оның гуманистік сипаты. Мұғалім мамандығы – елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін,
жас ұрпақты тәрбиелейтін, өмірге ізгілік нұрын себуші, жауапкершілігі мол
киелі мамандық. Жақсы мұғалім – бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі
жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті зор тұлға. Ол – оқытудың
инновациялық технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне
шынайы жанашырлық танытатын қоғамның зиялы қауымының өкілі.
Мұғалім мамандығы – табиғаты жағынан гуманистік сипатқа ие
мамандықтардың бір түрі. Оқыту барысында мұғалім адаптивті және гуманистік
мақсаттарды жүзеге асырады. Адаптивтік мақсаты ол оқушыны, тәрбиеленушіні
үйретумен,
әлеуметтік-мәдениеттік
жағдайлардың
нақты
талаптарына
дайындайды, бейімдейді. Педагог өзінің тәрбиеленушісін белгілі бір әлеуметтік
жағдайларға дайындап, қоғамның қойып отырған талаптарына үйретеді. Ал
гуманистік мақсаты – оқушының жеке тұлғасын дамытып, шығармашылық
дербестігін шыңдауға мүмкіндік жасау. Мұғалім мамандығы бір уақытта жеке
тұлғаны қалыптастырушы әрі оны басқарушы мамандық болып табылады.
Оның басты мақстатарының бірі – жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту
22
болғандықтан ол адамның инттелектуалдық, эмоциональдық, физикалық
дамуын басқарып, оның рухани әлемінің негізін қалыптастыру.