Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Мұғалім еңбегінің профессиограммасы



Pdf көрінісі
бет31/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

 
Мұғалім еңбегінің профессиограммасы 
– 
мұғалім тұлғасының моделі 
ретінде
.
Мұғалім – оқушының интеллектуалдық негізін және рухани дүниесінің 
қалыптасуына жауапты, шығармашылықпен жұмыс істейтін, кәсіби деңгейі 
жоғары, интеллектуалдық әлеуеті мол тұлға
.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды кәсіби тұрғыда Н.В.Кузмина, 
В.А.Сластенин, Қ.Жарықбаев, Н.Намазбаева, А.И.Щербаков, Н.А.Сорокин, 
В.Г.Ковалев, Л.Ф.Спирин, Н.Д.Хмель, М.Н.Сарыбеков, т.б. зерттеген.
В.А.Сластенин бойынша, мұғалім профессиограммасы
 
мамандықтың 
құжаты ретінде оның біліктілік сипаттамаларын, яғии қоғамдық-саяси
әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдерінің көлемдерін және 
ғылыми негізделген өзара қатынастарын, сонымен қатар болашақ мұғалімге 
қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер мен дағдылар жүйесін көрсетеді.
В.А.Сластенин педагогикалық кәсіптің жалпы сипатын және жеке 
мамандығына байланысты сипаттарын қарастыра отырып, төмендегідей 
мұғалімнің профессиограммасын ұсынады: 
1)
Мұғалімнің қасиеті мен сипаттамасы. Бұған ол мұғалімдердің идеялық,
кәсіптік-педагогикалық, танымдық бағыттылығын жатқызады. 
2)
Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығына 
қойылатын талаптар. Мұнда ол мұғалімдердің білім, білік және дағдыларын 
біріктіреді. 
3)
Арнайы даярлықтың көлемі мен құрамы. 
4)
Мамандық бойынша әдістемелік жағынан даярлық мазмұны.
Профессиограмма – мұғалім, тәрбиешінің идеалды үлгісі, моделі, эталоны. 
Педагог профессиограммасы төмендегідей сапаларды қамтиды: қоғамдық-
саяси; әлеуметтік-психологиялық және ұстаздың жеке басының тұлғалық 
сапалары; психологиялық және педагогикалық дайындық; мамандық бойынша 
кәсіби дайындық; пән бойынша дайындық. 
Ғалым-психологтардың (В.А.Кузмина, А.И.Щербаков және т.б.) зерттеуі 
бойынша, педагог профессиограммасын жасауда педагогтық қызметтің 
психологиялық құрылымын ескеру қажет.
Педагогтық қызметтің психологиялық құрылымына жататын қасиеттер: 
бейімділік пен іскерлік және гностикалық, конструктивтік, ұйымдастырушылық 
қабілеттер.
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің 
тұлғалық, кәсіби қасиеттерімен тығыз байланысты болатындығын А.К.Маркова, 
Л.М.Митина, Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов, К.С.Успанов, А.А.Молдажанова 
және т.б. ғалымдар зерттеген. 
Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне төмендегідей негізгі 
қасиеттерді кіргізуге болады:
-
оқушыларға деген сүйіспеншілік;


23 
-
педагогикалық процесті жүйелі жүргізе алуы;
-
педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы;
-
педагогикалық ойлаудың қалыптасуы;
-
қарым-қатынас жасай алуы; 
-
ұжымшылдық, креативтілік, шығармашылығы және т.б. 
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп 
қарастыруға болады: 
- жалпы адамзаттық қасиеттері; 
- кәсіби-педагогикалық касиеттері; 
- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары. 
Педагогтың кәсіби міндеті – оқушыны өз бетімен білім алуға бағыттау, 
тұлғалық қасеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасап, көмек көрсету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет