Кәсіби- педагогикалық іс-әрекеттің мәні, құрылымы мен мазмұны. Педагогикалық іс-әрекет аясында мұғалім оқушымен қарым-қатынас
процесінде ғылымды байланыстырушы рөлін атқарады. Мұғалім білім бере
отырып, ұжымдық субъектілердің іс-әрекетін жеке субъектілердің жеке іс-
әрекетіне айналдыру процесін ұйымдастырады және жеке тұлғаның қалыптасуы
мен дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық іс-әрекетті зерттеушілер оның құрылымында төмендегідей
функционалдық элементтері бар жүйе ретінде қарастырады:
1) педагогикалық өзара іс-қимыл субьектісі мен обьектісі, олармен бірге іс-
әрекеті, оқыту мақсаты және қатынас жасау құралдары;
2) оқушы мен мұғалім, оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны,
педагогикалық процесс пен оны ұйымдастыру түрлері;
3) педагогикалық ықпалдың мақсаттары субьекті мен обьектісі, мазмұны
мен құралдары, нәтижелері, педагогикалық рефлексия (5-сурет).