Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары.
Педагогикалық әрекеттің негізгісі – тәрбиелеу
.
Тәрбиелеу дегеніміз –
адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп,
аға ұрпақтың келер жас ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі.
Тәрбие – қоғамдық ұйымдарда, білім беру ұйымдарында мұғалім, педагог,
тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты процесс.
Тәрбиенің мәні, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, іскер, зияткер
азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін – оны өмір сүре
білуге, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту – екі жақты, біртекті процесс:
мұғалім оқушыларға білім беріп, іскерлік, дағдыға үйретеді; оқушы таным
міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды
өмірде қолданады.
Жеке адамды дамыту немесе жеке адамның дамуы
Достарыңызбен бөлісу: |