Сурет-10. Педагогикалық әрекет түрлері Педагогикалық шығармашылық – оқу-тәрбие жұмысында педагогикалық
әдістемелерді түрлендіру, әдістерді жетілдіру және т.б.
Педагогикалық шығармашылық белгілі жаңашылдық элементтерінен
тұрады, бірақ көбінесе, ол оқу мен тәрбие жұмысындағы жаңа идеяларды
қозғаумен емес, оқу-тәрбие жұмысының әдістері мен түрлерінің өзгеруімен,
белгілі бір жаңғыртумен байланысты болады.
Педагогикалық үдерістегі мұғалім іс-әрекетінің функционалды түрлері. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің тұтастығы. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің стилі. Педагог
шеберлігінің,
шығармашылығының
мәні
педагогикалық
мәселелердің жаңа шешімін іздеуде және ол педагогикалық іс-әрекеттің
төмендегідей түрлерімен байланысты: гностикалық, конструктивтік,
ұйымдастырушылық және коммуникативтік.
Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі көп салалы. Мұғалім оқушының жеке
басының дамуын, қалыптасуын, тәрбиелеу мен оқыту процесін басқарады.
Осындай маңызды іске жауапты болғандықтан мұғалімнен жан-жақты терең
ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, саяси моральдық қасиет,
табанды ерік-жігер, парасатты мінез-кұлық талап етіледі.
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің
тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты болып келеді.