Сурет-14. Кәсіби- педагогикалық іс-әрекеттің мәні Педагогикалық қабілеттілік пен педагогтың беделі, бағыттылығы. Педагогикалық қабілет – тұлғаның кәсіби педагогика талаптарына сай
және сол іс-әрекетті игеруде табысқа жеткізетін психологиялық дара
ерекшеліктердің жиынтығы.
Педагогтың тұлғаға деген құрмет сезімі, жоғары талап қоюы, әңгімелесіп
отырған адамды тыңдай білуі, оны түсіне білуі, ара-қатынастағы
іскерлік,
бірбеткейсіз
ұстанымдылығы,
сабырлылығы,
адамдарға
қатысты ерекше зейіні мен сезімталдығы және т.б. педагогикалық қабілетке
жатады.
Педагогтың беделі –
оның оқушылар мен мұғалімдер және
әріптестер ұжымындағы моральдік мәртебесі, бұл құрмет пен қошаметке ие
болып жүрген беделді де құрметті ұстаздың тәрбиеленушілердің тәртібі
мен нанымдарына әсер ететін өзіндік тәртіп түрі. Педагогикалық бедел
мұғалімнің осыған дейінгі алған моральдік-этикалық және психологиялық-
педагогикалық даярлығына байланысты. Оның деңгейі білім, зиялылық,
шеберліктің тереңдігімен және өз еңбегіне деген ерекше қатынасымен және
т.б. анықталады.
Педагогикалық қарым-қатынаста педагог беделінің атқаратын рөлі зор.
«Бедел» ұғымы – педагогикалық мәдениет шеңберінен шығып кететін ұғым.