42
Қарым-қатынас – екі немесе одан да
көп адамдардың арасындағы
танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар
алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар
дамуының және қалыптасуының
қажетті шарты болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің негізінде мұғалім тұлғасының
жалпы және педагогикалық мәдениеті жатыр.
Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастың сан алуан түрлері
кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде
мұғалімдер мен
оқушылар арасындағы қарым-қатынастар төмендегідей негізгі төрт түрге
бөлініп қарастырылады (16-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: