38
Сурет-12. Мұғалімнің тұлғалық сапалары
Педагогтық кәсіпке деген қызығушылық, оның қоғамдағы рөлін
түсіну болашақ мұғалімнің кәсіби жолды таңдауындағы және кәсіби өзін-
өзі жетілдіруіндегі жетекші мотивтер ретінде.
Мұғалімнің өзінің педагогикалық білімін
көтеруі оның өз бетінше
педагогикалық құндылықтар, технология, шығармашылық тәжірибелерді игеруі
болып табылады.
Әр мұғалімнің кәсіби тәжірибесі, интуициясы, эрудиясы,
сындарлы
ойлауы, шығармашылығы маңызды қозғаушы күш болып табылады. Бұнда
жаңалықты ойлап шығару, құрастыру, тапқырлық, креативтілік көмектеседі.
Мұғалімнің өз бетінше кәсіби білімін көтеруі – жалпы мәдениет пен кәсіби
қажеттіліктерді өтеу, танымдық мүддесін қанағаттандыру мақсатында арнайы
түрде жүйелі
ұйымдастырылған, жан-жақты, жеке және кәсіби маңызды
танымдық қызмет. Бұл мұғалімнің шығармашылық
қабілеті мен кәсіби
шеберлігінің қалыптасуына тығыз байланысты, оның кәсіби өсуі мен
педагогикалық қызметінің табыстылығына тікелей
бағытталған көпсатылы
қызмет болып табылады.
В.И.Андреев даму мен өзін-өзі дамыту процесінің 2 ерекшелігін атап өтеді:
тұлғаның өзгерісі сырттан емес, оның өзіне-өзінің ішкі мақсатқа бағытталған
әсерінен болады;
өзгерістер тек қана мотивте, интеллектуалды, эмоционалды
аймақта ғана болмайды, сондай-ақ, барлық «өзіндік» процестерде жүреді: өзін-
Достарыңызбен бөлісу: