Күні: Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті



бет1/6
Дата27.12.2016
өлшемі0,98 Mb.
#5976
  1   2   3   4   5   6
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Білім еліне саяхат.

Мақсат- міндеттері: 1. Білім әлемі туралы түсінік беру. «1 Қыркүйек - Білім күні» екенін айтып, білім алу мақсатында алғаш мектеп, бала - бақша табалдырығын аттаған балаларды құттықтау.

2. Саяхат жасау арқылы балалардың білімге деген құштарлықтарын арттырып, қиялдарын дамыту.

3. Ұжымды достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, мектепке, балабақшаға кетіп бара жатқан балалардың суреттері.


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір - біріміздің жүзімізді көреміз, бір - бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз. Бүгін - мереке. Еліміздің түкпір - түкпірінде білім күнін атап өтуде. Бүгінгі мерекелік көңіл күймен бір - бірімізге қуаныш сыйлайық.

— Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

- Балалар, бір - бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

- Жылылық, қуаныш, т.б.

Тәрбиеші балаларға «Білім» еліне саяхатқа шығатындарын, алдарында қызықты тапсырмалар күтіп тұрғандығын айтады. Оқу іс - әрекеті барысында бірнеше аялдама болатындығын, әр аялдамада сұрақтарға жауап беретіндіктерін, тапсырмаларды орындайтындықтарын және дыбыстар мен әріптер, сандар жайлы мәліметтер алатындықтарын хабарлайды.


Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

1. «Әдебиет әлемінде» аялдамасы.

Бұл аялдамада өлең - тақпақтар, жұмбақ - жаңылтпаш, ертегілер, қызықты әңгімелер жайлы қысқаша мағлұмат беріледі.

- Қандай өлең немесе ертегі білесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады, болашақта көркем әдебиет арқылы қызықты әңгіме, ертегілерді оқып, өлең - тақпақ, жаңылтпаштар жаттайтындарын айтады.



2. «Әріптер әлемінде» аялдамасы.

- Дыбысты айтамыз, естиміз.

- Әріп - дыбыстың таңбасы. Әріпті жазамыз.

- Балалар, әрқайсысың есімдеріңнің қай дыбыстан басталатынын айтыңдар.

- Менің атым - Жандос. Менің атым ж дыбысынан басталады.

«Дұрыс айт» дидактикалық ойыны. Тәрбиеші дауысты а дыбысының әртүрлі интонациямен айтылатынын мысалдар арқылы айтып көрсетеді. Сонан соң балалар бірнеше рет қайталайды.

1. Дәрігерге келген бала ауызын кең ашып: «А - а - а», - деп айтады.

2. Қыз бала: «А - а - а», - деп әндетеді.

3. Анасы сәбиін: «А - а - а - а», - деп әлдилейді.

Осындай жұмыстардан кейін болашақта сөз, сөйлем, буын, дыбыс, әріп ұғымдарын меңгеретіндігін айтып түсіндіру.

3. «Математика әлемі» аялдамасында математикалық ұғымдармен, таңбалармен, геометриялық пішіндермен танысады.

1. Балалар онға дейін санайды.

2. Тәрбиеші геометриялық фигуралардың суретін көрсетеді, балалар айтады. Мысалы: үшбұрыш, төртбұрыш, т.б.

3. Математикалық есеп шығарады. Мысалы:

Ағаш бұтағына 3 торғай қонып отыр. Бір торғай ұшып кеттi. Бұтақта неше торғай қалды? (Жауабы: 2 торғай қалды).

Математика арқылы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырып, бұл бағыттағы санау мен есеп шығару тәсілдерін игеруге бағытталатындығы айтылады.

- Балалар, «Білім» елі сендерге ұнады ма? «Білім - сарқылмас қазына» дейді. Өмірде тек білімді ғана емес, қайырымды, мейірімді болу керек. Білімді, тәрбиелі адам Отанының өсіп - өркендеуіне үлесін қосады.

Дәптермен жұмыс



Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды
а) Мереке, білім, мектеп, оқушы, мұғалім, қоңырау деген тірек сөздерді пайдаланып және жетекші сұрақтар арқылы әңгіме құрастыру. Сурет бойынша қойылатын сұрақтар:

1. Балабақшада не үйрендіңдер?

2. Балалар мектепке не үшін барады?

3. Мектепте оқитын баланы кім деп атайды?

4. Мектепте қоңырау не үшін соғылады?

ә) Оқу құралдарымен таныстыру. Осыдан кейін дәптерлеріндегі сөмкеге қажетті оқу құралдарын сызықпен сызып көрсетеді.

б) Дәптерде берілген мақал - мәтелдің мағынасын түсіндіру, жаттату


Қорытынды

Балаларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

Сабаққа белсенді қатысқан балалар мақталып, мадақталады







Күтілетін нәтиже:


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Жомарт күз

Мақсат- міндеттері: 1. Балалардың күз мезгілінің ерекшелігін бақылату арқылы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін кеңейту.

2. Қоршаған ортадағы табиғат өзгерістері, күзгі адамдар еңбегі туралы тапсырмаларды орындату арқылы ойларын грамматикалық формада жеткізіп және байланыстырып сөйлеуге төселдіру.

3. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білу, сезінуге тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, күзгі аула бағы бейнеленген сурет, мақал - мәтелдер жинағы


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

- Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетінің күз мезгілі туралы. Көзімізді жұмып күз мезгілін көз алдымызға елестетіп көрейік.

Балалардың жауаптары:

- Балалар мектепке, балабақшаға бара жатыр.

- Пісіп тұрған алма, жерге түсіп жатқан жаңғақтарды көруге болады.



Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

- Ағаштардың жапырақтары сарғая бастаған. Күз туралы сурет бойынша әңгіме жүргізу.

Тірек сұрақтар:

1. Қазір қай мезгіл?

2. Күз екенін қайдан білдіңдер?

3. Неліктен жомарт күз дейміз?

4. Күздегі адамдар еңбегінен не білесіңдер?

5. Неліктен күзді жақсы көресіңдер?

6. Күз туралы не білесіңдер?

7. Күз айларында ағаштарда қандай өзгерістер болады? «Ненің жапырағы?» дидактикалық ойыны. Балалар серуен кезінде жинаған жапырақтарының қандай ағаштікі екенін ажыратады. Үлгі жауап:

- Мынау - қайыңның жапырағы. Түсі сары, пішіні сопақша болып келген.

Дәптермен жұмыс

Сұрақтарға жауап беру.

1. Күзде жапырақтарда өсімдіктерде қандай өзгерістер болады?

2. Жапырақ түсуі қай кезде басталады?

3. Күзде бау - бақшада қандай жұмыстар жүргізіледі?


Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

а) Жаңа сөздермен сөздік жұмысын жүргізу.

Элеватор - мол астықты сақтайтын және оны желдетудің, салқындатудың, кептірудің, құрғатудың, сұрыптаудың көмегімен сапалық деңгейге жеткізетін ғимарат.

Егіс алқабы - бидай, тары, жүгері, арпа сияқты дәнді дақылдар өсетін дала.

Қырман - астық бастыратын, тазалайтын ашық алаң.

ә) Бидайдың сабағының суретін салу.

б) Жұмбақты шешу. Шешуі: бидай.


Қорытынды

Тәрбиеші М. Әлімбайдың «Алтын күз» өлеңін оқиды, сөздік жұмысын жүргізеді, сұрақтар қояды.

Сарғайды тоғай,

Сап - сары маңай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

- Маңай, айнала неге сап - сары? Тоғай неліктен сарғайып кеткен?

- Құстар қайда және не үшін қайтып кетті?

- Маңай деген сөзді тағы қалай айтуға болады? (Айнала).

- Құстар қайтып кетті дегенді ше?

- Құстар жылы жаққа ұшып кетті.







Күтілетін нәтиже:


  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Бау бақшада

Мақсат- міндеттері: 1. Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіні тура­лы түсіндіру.

2. Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумен дері, оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Күзгі еңбек түрлерімен таныстыру арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, күзгі аула бағы бейнеленген сурет, мақал - мәтелдер жинағы


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

Тәрбиеші бір ыдысқа көкөністердің, бір ыдысқа жемістердің мульяждарын салып алып келеді.

- Ыдыстағы заттарды бір ауыз сөзбен қалай атауға болады? (Жемістер, көкөністер).

- Көкөністерге не жатады?

- Қауын, қарбыз, қияр, қызанақ, т.б.

- Көкөністер қайда өседі?

- Көкөністер бақшада өседі.

- Жемістерге не жатады?

- Алма, алмұрт, шие, өрік, т.б.

- Олар қайда өседі?

- Бақта өседі.

- Дұрыс айтасыңдар. Бақты бау деп те айтамыз. Бау - бақша - жеміс - жидек, көкөніс егілген жер. Бау - бақша әр үйдің айналасында болады.


Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Осы жерде орам жапырақ және қызанақ сөздеріне де сөздік жұмысы жүргізіледі.

Орам жапырақ - бақшада өсетін көкөніс түрі. Қызанақ - қызыл түсті көкөніс.

2. Суретпен жұмыс

Дәптердегі екі сурет арқылы бақ пен бақшаның айырмашылығын түсіндіру. «Бау - бақшаны жинау» тақырыбында сурет бойынша әңгіме құрастыру.

3. Жұмбақтар шешу.

1. Көк ала лағым

Көгалда жатып семірді.

2. Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығынан суырып,

Әкелді әжем бір күні.

Шешулері: қарбыз, сәбіз.

- Жұмбақтың шешуі болған қарбыз, сәбіз жеміске жата ма, әлде көкөніске жата ма?

- Көкөніске жатады.

- Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.

- Шешуі: алма. Алма жеміске жатады.

- Тағы қандай жемістерді білесіңдер?

- Алмұрт, өрік, шабдалы, т.б.

4. «Сиқырлы қоржын» дидактикалық ойыны.

Шарты: қоржыннан көкөністер мен жемістерді алып, оның қатты, дәмді, тәтті, ащы, қышқыл зат екенін ажыратып атау, пішіндерін айту.

Мысалы: алма - тәтті, домалақ, түсі - қызыл, көк, сары; сәбіз - қатты, сопақша; бұршақ - ащы, сопақша.

Балаларды екі топқа бөліп, бірінші топқа көкөніс деген сөзге, ал екінші топ жеміс сөзіне сөйлем құрастырады. Екі топ балалары көкөніс, жемістердің қалай өсіп шығатынын қимылмен көрсету.

- Түстеріне, пішініне қарап, бір - бірінен айырмашылықтарын салыстырыңдар. (Қай топтың асығы көп, сол топ жеңімпаз атанады).

5. дәптермен жұмыс.


Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

а) Екі тәрелкедегі жемістерді (алмұрт, алма, өрік) атау.

- Бірінші тәрелкеде неше алмұрт, неше алма және неше өрік бар?

- Екі алмұрт, бір алма, төрт өріктің суреті салынған.

- Екінші суретте не жетпей түр?

- Бір алмұрттың суреті жетпейді.

- Алмұрт туралы не білесіңдер? Әңгімелеңдер.

- Алмұрт - жеміс. Бақта өседі. Алмұрттың құрамында көптеген дәрумендер бар.

- Дәл осындай етіп, екі тәрелкеге қияр мен қызанақтың суретін салыңдар. Қияр мен қызанақ қайда өседі?

- Қияр мен қызанақ - көкөніс. Олар бақшада өседі.

ә) «Теңестір» жаттығуын орындау.

- Шөп арасында неше қоян жүр?

- Үш қоян.

- Суретте неше сәбіз берілген?

- Екі сәбіз.

- Онда қояндарға тағы неше сәбіз керек?

- Бір сәбіз керек.

6. Жаңылтпаш жаттау.

Алма теріп балақайлар,

Алақайлар,

Талапайлар.


Қорытынды

- Осы көкөністер мен жемістердің мол өнім беруі еңбекке байланысты, қарап баптасақ мол өнім аламыз. Еңбектің арқасында жақсылық та, қуаныш та, байлық та болады.





Күтілетін нәтиже:


  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек

  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: М. Етекбаевтың «Нан қайдан келеді?» ертегісі.

Мақсат- міндеттері: 1. Балаларға көрнекі құралдарды пайдалана отырып, ертегінің мазмұнын түсіндіру.

2. Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.

3. Оқу іс - әрекеті барысында балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, нанның түрлері, бидай, комбайн, диірменнің суреттері.


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

1. Кіріспе әңгіме.

- Балалар, мына суреттен нанның қандай түрлерін көріп тұрсыңдар? Атап беріңдер.

- Нанды неден пісіреді?

- Ұнды қалай жасайды? (Балалардың жауаптары тыңдалады).



Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

- Мынау - бидай масағы, сабағы, мұртшалары. Егер бидайдың қауызын аршитын болсақ, ішінен бидайдың дәні шығады. Бидайды ұнтақтаса, ұн болады. Наубайханада осы аппақ ұнға тұз, су, ашытқы араластырып, қамыр илеп, нан пісіреді.

2. Сөздік жұмысын жүргізу.

Оқу іс - әрекетінің барысында танысатын наубайхана, наубайшы, диірмен, комбайн сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Наубайхана - нан пісіретін, нан жабатын орын.

Наубайшы - наубайханада нан пісіретін адам.

Диірмен - дәнді дақылдарды тартып, ұн шығаратын кәсіпорын.

Комбайн - әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған машина.

3. Жұмбақ шешу.

Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды. (Егін)

4. Педагогтің түсіндіруі.

- Балалар, диқан сөзін қалай түсінесіңдер?

- Диқан - егін шаруашылығымен айналысатын адам.

- Диқан көктемде егістікке егін - бидай, қарабидай, арпа, жүгері, сұлы, т.б. егеді. Оны жаздай күтіп - баптайды. Күзде егіс даласында бидайды комбайнмен орады, жинайды, бастырады. Жүк машинасымен тасиды. Қырманға әкеліп, тазалап, кептіреді. Сонан соң элеваторға жібереді. Элеватор - бидай сақтайтын қойма, онда бидайды көп жылдар бойы сақтауға болады, Одан диірменге жібереді. Диірменшілер ұн тартады. (Элеватор, диірменнің суреттері көрсетіледі). Ұнды наубайхана жөнелтеді. Наубайханада наубайшылар әртүрлі нан пісіреді. Ыстық нан, ұн дүкендерге түседі. Дүкеннен нанды, ұнды сатып аламыз. Анамыз ұннан бауырсақ, шелпек, нан, тоқаш, т.б. пісіреді.

5. Сергіту сәтін өткізу.

Жайқалады аң бидай, (Қолдарын жоғары көтеріп тербеледі).

Басын иіп аңқудай. (Бастарын иеді).

Трактор мен комбайн (Қолдарын алға созып, тракторды жүргізеді).

Жүргізуге мен дайын. (Қолдарын айналдыра комбайнды жүргізеді).

6. М. Етекбаевтың «Нан қайдан келеді?» ертегісін оқу.



Нан қайдан келеді?

(Ертегі)


Бір күні Тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреге жаңа піскен сап - сары бөлкелер үйіліп түр екен. Піскен нан иісіне қызыққан Тышқан тұмсығын жыбыр - жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкенi кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды. Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырай, қайдан келді екен осыншама нан. Біліп алып шыққан жеріне кірсем, ә!» - деп қызығып кетті. Тесіктен сақтана сығалады.

- Нан, нан, сен қайдан келдің? - деді сыбырлап.

- Сатушыдан сұра, - деді нан. Тышқан сатушыға келді.

- Сатушы, сатушы, нан қайдан келеді?

- Наубайшыдан сұра, - деді сатушы.

Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.

- Нан қайдан келеді? - деді бір наубайшыға келіп.

- Диірменшіден сұра, - деді наубайшы.

Тышқан диірменшіге келді. Диірмен тасы тынымсыз шыр көбелек айналады. Екі адам үн тартып түр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып - жұмғанша қап - қап ұн пайда болады. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржиып, таңдана қарап тұрды да:

- Диірменші, диірменші, нан қайдан келеді - деп сұрады.

- Комбайншыдан сұра, - деді қырманшы қарт. Тышқан далада егін орып жүрген комбайншыға келді.

Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастайды. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп:

- Комбайншы, комбайншы, нан қайдан келеді? - деп сұрады.

- Көктемде тракторшы жер жыртады, тұқым себуші тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, қалың астық - сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - деді комбайншы.

- Ой, мұның азап қой. Мен шалқайып жатып - ақ таба беремін, - деп қутың - қутың етті Тышқан.

- Әне, Мысық келе жатыр, - деді комбайншы. Сол - ақ екен Тышқан бір ескі інге зып берді.

Тәрбиеші ертегінің бөлім - бөлімге бөліп оқып, сұрақтар қояды, балалардың жауаптарын тыңдап, оларды толықтырып отырады. (Ертегі хрестоматияда берілген). Дәптердегі ертегі мазмұнына сай салынған сурет арқылы ертегі мазмұны ашылады.

7. Жазбаша жұмыс.

8. Жұмбақ шешу. Жұмбақтың шешуі: қырман.


Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды


Қорытынды

- Тышқанды қандай сұрақ мазалады?

- Нан қайдан келеді?

- Тышқан сұрағына жауап ала алды ма?

- «Нан - байлық, нан - береке» деп халқымыз бекер айтпаған. Міне, көрдіңдер ме? Қаншама адам еңбек етеді екен. Сондықтан дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.







Күтілетін нәтиже:


  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек


Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Менің отбасым

Мақсат- міндеттері: 1. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру.

2. Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, отбасы мүшелерінің сюжеттік суреттері.


Іс- әрекет кезендері

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастыру

- Балалар, дөңгелене тұрып, шаттық шеңберін құрайық. Бір - бірімізбен амандасып, жылы тілектер айтайық.

- Сәлеметсіздер ме! Қайырлы таң! Қайырлы күн!

- Сіздерді көргеніме қуаныштымын.

- Енді бір - бірімізге мақтау сөздер айтайық.

- Сен әдемісің, мейірімдісің, денің сау болсын, сен ақылдысың.

- Ал сендер үйлеріңде бір - бірлеріңе қандай жақсы сөздер айтасыңдар?

- Қайырлы таң, әкетайым, анашым!

- Қайырлы күн, асыл әжем, аташым!

- Мені үйдегі үлкендер «құлыншағым», «ақылдым менің» деп еркелетеді.

- Бір үйде қандай адамдар тұрады?

- Бір үйде бір - біріне жақын адамдар тұрады.

- Оларды атаңдар.

- Атасы, әжесі, әкесі, анасы және олардың балалары.

- Дұрыс айтасыңдар, осы адамдар отбасын құрайды. Олар - отбасы мүшелері. Сендер де отбасыларыңның бір мүшесіңдер.



Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

2.Негізгі бөлім.

а) Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс. Жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мазмұны ашылады.

- Отбасы мүшелері қайда тұрады?

- Отбасы мүшелері бірге, бір үйде тұрады.

- Олар қалай тұрады?

- Отбасы мүшелері тату - тәтті тұрады.

ә) Сөздік жұмысын жүргізу.

Нағашы ата - анасының әкесі.

Нағашы әже - анасының анасы.

Немере - ұл - қыздарынан туған бала.

б) «Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.

- Балалар, менің айтқандарымды мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанымды ойланып табыңдар.

Қатал көрінгенімен өте мейірімді. Кітапты көп оқиды, бау - бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?

- Ата.


- Өздеріңнің аталарың туралы әңгімелеңдер.

- Өзі мейірімді, әрқашанда қатық - майы, ірімшігі, қант - кәмпиті дайын. Ол кім?

- Әже.

- Ал сендердің әжелерің қандай?



Тақтаға бір бағанға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші бағанға биік таудың, таудың етегіндегі бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреттері ілінеді. Педагогтің көмегімен төмендегідей мақал құрастырады, мақалдың мағынасы ашылады.

Әке - асқар тау,

Ана - етегіндегі бұлақ,

Бала - жағасындағы құрақ.

Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы: ардақты әке, асыл ана, әдепті бала, т.б.

3. Сергіту жаттығуын орындау.

Атам жылқы бағады. (Бір орында тұрып, шоқырақтап шабу).

Ағам пішен шабады. (Шалғымен шөп шапқан сияқты қимыл жасау).

Жеңгем сиыр сауады. (Отырып, сиыр сауғандай қимыл жасау).

Әжем киіз қағады. (Киіз қаққандай қимыл жасау).

«Сыңарын тап» ойыны.


Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Жазбаша жұмыс

Шытырман арқылы әжесінің ийіне апаратын жолды бояу.


Қорытынды

- Отбасы мүшелерін атаңдар.

- Отбасы мүшелері бір - бірімен қалай тұрады?








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет