Жеке тұлға - іс-әрекет объектісі және субъектісі. Қазіргі әлеуметтік- мәдени жағдайлар және олардың жеке тұлғаға әсері. Тұлғалық- бағдарлық білім беру тұжырымдамасы. Педагогикалық процестің субъектісі – жеке тұлға. Бұлардың құрамы сан
қилы. Педагогикалық процесс субъектілерінің өзара байланысты іс-
әрекеттерінің соңғы нәтижесі – тәрбиеленушілердің адамзат жинақтаған
тәжірибені игеруі.
Тұлғалық- бағдарлық білім беру тұжырымдамасының мәні: - оқыту процесі жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіру бағытында өтеді;
- оқыту процесі ішкі мотивацияға негізделеді, сыртқы мотивацияны
ұйымдастыру мен тиімді үйлесуі, тұлғаның ішкі сұранысын қанағаттандырады;
- тұлғаны дамыту біртұтастыққа жүреді, баланың интеллектуалды,
физикалық, эстетикалық дамуын бірлікте қарастырады;
- оқыту оқушының өз бетімен іс-әрекетіне негізделеді, себебі әрбір
оқушының қабылдау, меңгеру, есте сақтау қабілеттері мен мүмкіндіктері
әртүрлі;
- оқыту ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға арқа сүйейді,
оқушының психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері толық ескеріледі (11-
сурет).