Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Сурет-4. Мұғалімнің маңызды кәсіби қасиеттері



Pdf көрінісі
бет37/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Сурет-4. Мұғалімнің маңызды кәсіби қасиеттері 
 
Педагогикалық қызмет – педагогикалық процесте тәрбиеленуші тұлғасын 
тәрбиелеу, дамыту, оның өзінше дамуының оңтайлы жағдайларын тудыруға 
және өзін еркін шығармашылықта көрсетудің мүмкіндіктерін таңдауға 
бағытталған кәсіби қызмет. 
Балаға деген 
сүйіспеншілік
Педагогикалык процесті 
жүйелі жүргізе алуы
Бақылаушылық
Педагогикалық
құбылыстарға талдау 
жасай алуы 
Педагогикалық 
ойлаудың қалыптасуы 
Қарым-қатынас 
жасай алуы
Ұжымшылдық
Шығармашылық


27 
Қазіргі таңда заман талабына қарай мұғалімдік қызметтегі адамдарға 
талаптар да күшейе түсті. ҚР «Білім туралы» Заңында педагогтардың негізгі 
құқықтары мен міндеттері анықталған.
Педагог қызметкердің мәртебесі: 
1) Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске 
асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға 
және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар 
педагог қызметкерлерге жатады. 
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері азаматтық 
қызметшілер болып табылады. 
2) Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін 
таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды. 
Қазіргі заманғы білім беру жағдайында кәсіби біліктіліктің, құзыреттіліктің 
бұл құрылымдық компоненті тағы 3 компонентпен толықтырылады:
1) жаңашылдылыққа деген құлшыныс, инновациялық технологияны 
меңгеруі – шығармашылық білігі; 
2) инновациялық тәжірибені үйрену, зерттеу, жинақтау білігі –
ізденушілік;
3) кәсіби іс-әрекетке талдау жасай алуы, сындарлы ойлауы – 
педагогикалық рефлексияға қабілеттілігі. 
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа 
мүмкіндіктері кезеңінде мұғалімге төмендегідей жаңа талаптар қойылады:
бәсекеге қабілеттілік; білім сапасының жоғары болуы; кәсіби шеберлілік; 
табыстылық; креативтілік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет