26
білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді
білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»
–
деп, педагогтың тұлғалық қасиеттерін
ерекше сипаттап берді.
Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында анықталған
қазіргі заман мұғаліміне қойылатын кәсіби талаптар және оның
құқықтары мен міндеттері.
Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне төмендегідей негізгі
қасиеттерді кіргізуге болады: балаға деген шексіз сүйіспеншілік;
деонтологиялық парыз, педагогикалық процесті жүйелі жүргізе алуы;
бақылаушылдық қабілеттілігі; педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы;
педагогикалық рефлексия, педагогикалық ойлаудың қалыптасуы; оңтайлы қарым-
қатынас жасай алуы; ұжымшылдық; шығармашылық және т.б.
П.Ф.Каптерев
көрсеткендей,
педагогикалық
іс-әрекеттің
табысты
болуының маңызды факторларының бірі мұғалімнің «тұлғалық сапалары»
болып
табылады:
мақсатқа
ұмтылу;
табандылық;
еңбексүйгіштік;
қарапайымдылық және т.б.
Кәсіби педагог үшін ең маңыздысы – оқушының іс-әрекеттерін, тұлғалық
өзін-өзі ұйымдастыруын, басқара алуы және қоғамда болып жатқан жағдайды
дұрыс түсіне біліп, сол бағытқа сәйкес қызмет ету ( 4-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: