Сабақтың типологиясы және құрылымы. Сабақтың логикалық- психологиялық, дидактикалық және әдістемелік құрылымының арақатынасы. Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа,
сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының
дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа
технологиясын жасап енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін
жұмыстануда.
Талаптарды
әлеуметтік
сұраныс,
оқушылардың
жеке
қажеттіліктері, оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары
мен принциптері анықтайды. Сабақ құрылымы – сабақтың барысында оның
құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен
жүзеге асырылуы.
Дәстүрлі сабақтың түрлері:
1)
Жаңа оқу материалын оқу сабағы.
2)
Іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы.
3)
Білім, білік, дағдыны бекіту сабағы.
4)
Білім, білік, дағдыларды қолдану сабағы.
249
5)
Қорытынды жинақтау сабағы.
6)
Аралас сабақ.
7)
Практикалық сабақ.
8)
Білім, білік, дағдыны дамыту сабағы.
9)
Білімді тексеру сабағы.