Қайт ыс болған күні
8 желтоқсан
1937
(65 жас)
Қайт ыс болған жері
Алматы
Ұлт ы
Қазақ
Қызмет і
ақын
,
әдебиет зерттеуші
ғалым
,
түркітанушы
,
публицист
,
педагог
,
аудармашы
,
қоғам
қайраткері
Әкесі
Байтұрсын Шошақұлы
Анасы
Күңші Құлыбекқызы
Жұбайы
Бадрисафа Мұхамедсадыққызы
Балалары
Аумат, Қазихан, Шолпан
Марапат т ары мен сыйлықт ары
Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы
Өмірбаяны
шығару және баспахана ашуға рұқсат беру, күні өткен
Дала ережесін
қазақ елінің
мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс
шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол
кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы 1
шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей түрмесіне
жабылды.
Ресей
ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсынұлын қазақ
облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге
сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына
дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің
Орынбор
кезеңі оның қоғамдық-саяси
қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең
жақын сенімді достары
Ә.Бөкейхан
,
М.Дулатұлымен
бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ
зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық
«Қазақ»
газетін шығарып
тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды.
Байтұрсынұлының Орынбордағы өмірі мен қызметі
Ресей
үкіметінің қатаң
жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан
абақтыға отырып шықты. Байтұрсынұлы 1917 жылы рев. өзгерістер арнасында
өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ
комитеттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей
араласып, «
Қазақ газеті»
арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды.
Байтұрсынұлы
Алаш партиясы
бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында
болды. Байтұрсынұлы пен Дулатұлы қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру –
жүзаралық алауыздыққа байланысты
Алаш Орда
үкіметінің құрамына саналы түрде
енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың
ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.
Алаш Орда
құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып,
оның төрағасы етіп Байтұрсынұлын бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда
үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы
наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды,
осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-
революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Байтұрсынұлының ықпалымен сәуірде
Алашорда
басшылары мен мүшелеріне Кеңес
үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың
төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде
болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п).
1920
жылы
В.И.Ленинге
үкіметінің
Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады.
Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне
белсенді түрде араласты.
[5]
Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда
Қостанай уезін
Челябі облысына
қосу
туралы шешіміне қарсы Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан
құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған
Қазақ АКСР
-і
үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР-і халық ағарту комиссары
қызметінде жұмыс жасады.
1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың,
1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ
өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі
мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген
оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген.
1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы
Ташкенттегі
Қазақ халық ағарту
институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді.
1928 жылы Алматыда
Қазақ мемлекеттік педагогика институтының
ашылуына
байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне
ауысты. 1929 жылы 2 маусымда 43
Алаш қозғалысы
қайраткерлерімен бірге ол
Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін
Мәскеудегі
Бутырка
абақтысына жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ
«үштігінің»
1930
ж. 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді.
Ахмет Байтұрсынұлы
Бұл шешім бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға
концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж. қарашада 3 жылға
Архангельскіге
жер
аударылсын деп ұйғарылды.
1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді
Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат
беріледі. 1934 жылы
М.Горькийдің
жұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен
Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл
жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік
қызметтер атқарады. 1937 жылы 8 тамызда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң,
яғни 8 желтоқсанда атылды. Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсынұлының
алғашқы кітабы – «
Қырық мысал»
1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде
Ресей
отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап
жеткізді. Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы,
уытты тілі арқылы әлеум. сананың оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-
мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «
Маса»
деген атпен жеке кітап болып
жарық көрді (1911). «
Масаның»
негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-
білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу болатын. Ақын халықты
қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылтуға
тырысты. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып,
Байтұрсынұлы 20 ғ. басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге
дейін көтерді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне
А.С.Пушкин
,
М.Ю.Лермонтов
,
Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар Байтұрсыновтың
тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Ел тағдырының
келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ
жастарының рухани көсемі болды.
1926 ж. Бакуде болып өткен "Бірінші Түркологиялық Құрылтайдың" төралқа мүшесі - Ахмет Байтұрсынұлы
Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы – әдебиеттану
ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектеінің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи
миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдік-
эстетикалық сипаты баяндалған еді. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, «сөзі аз,
мағынасы көп, тереңдігін», сыншылдығын ұғындырды. Байтұрсынұлының
Абайдың
ақындық шеберлігі, поэзияға деген көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ
әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты. Оның «Әдебиет танытқыш» деген
зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек болып
саналады. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына,
методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану
ғылымының жүйесін жасауда қзінің үлкен үлесін қосты. Халық тілінің бай қоры
көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның
негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді.
Мысалы,
сөз өнері
,
шығарма
,
ауыз әдебиеті
,
толғау
, т.б. ғылыми-теориялық еңбекке
қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең шығармаларын мысал
ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның ең үздік
үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың соны
ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу,
алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. «Әдебиет танытқышта»
ақындық дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми
тұжырым берілді. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасап,
шумақ
,
тармақ
,
бунақ
,
буын
,
ұйқас
, т.б. ұғымдарға анықтама берді.
Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап берген еді.
«Әдебиет танытқыш» – сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап-
түсіндірген ғылыми зерттеді. Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышымен» қазақ
әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондай-ақ ол – әдебиет тарихының
мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі айрықша «
Ер
Сайын»
жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын «23 жоқтау»
жинағын (1926) кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған
Ахмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның
адасып кететіндігін» айтты. Байтұрсынұлы – қазақ кәсіби журналистикасын
қалыптастырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық
қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін
жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор
болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді.
«Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. Байтұрсынұлы –
әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның
мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан
хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы туралы ойларын дамытып,
саяси-әлеум. жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді
қозғады. Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған
легін қалыптастыруда Байтұрсынұлының публицист, баспасөз ұйымдастырушы
ретіндегі еңбегі ұшантеңіз. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа
үлгі ұсынған реформатор.
[6]
Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде
жасалды. Ол Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (
Орынбор
, 1924),
құрылтайында (
Баку
, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін, құндылығын
жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады. Бұл әліпби ұлттық
жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып табылады. Ол халыққа ғылым-
білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш
салды.
Орыс
,
татар
мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін
қолданудағы кемшіліктерін көріп: «[[Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында,
мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан
не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз
қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан
қазақша жазып дағдыланбағандық» деп жазды. Байтұрсынұлының «
Оқу құралы»
(1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. Бұл әліппе оқытудың жаңа
әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға дейін бірнеше рет қайта басылды. «Оқу
құралы» қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде
бағаланады. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын сақтау үшін қам қылды. Өзі
жазған «Өмірбаянында» (1929): «...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ
тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан
кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім,
үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден
арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға
әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып,
халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді
қалыптастырумен айналыстым» деген. Б. қазақ мектептерінің мұқтаждығын өтеу
Сурет:Akhmet Baytursynov's bust in Almaty.JPG
Достарыңызбен бөлісу: |