Ахмет Байтұрсынұлы



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата15.03.2022
өлшемі251,19 Kb.
#135707
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы — Уикипедия

Ахаңның 1914 ж. 
Орынборда
 жарық көрген 
Қазақша әліппесінің
 мұқаба беті


құралдарының» орны айрықша. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетас қалаудағы
Ахметтің тағы бір зор еңбегі - ғылымының осы саласының терминдерін жасауы.
Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша
атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай,
үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз
деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет
Байтұрсынұлынікі. Бұлар не бұрынғы қарапайым сөздің мағынасын жанғырту
арқылы, не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны сөздер, сәтті
шыққан атаулар екенің олардың күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығы.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек
сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның 
Қазақ газетінің
1913
жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға
болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны,
шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс
әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының
эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында»
алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 
1923
ж. 
Мәскеуде
шығарды.
Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп,
сұрыптап, 
1926
ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады.
Әдебиеттану
 
А. Байтұрсынұлы, 
2005
 
Қазақстан
 
пошта маркасы
, (Michel № 512)


Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі
тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің
табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар
жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы
ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан
гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-
ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың
бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып
жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары,
«сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ
тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі.
Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз
табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме,
«әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі,
байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат
шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға
сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте
маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге
болады.
Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге
бет алушылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын
айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін
жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттармен
ұштастыра талдауға тырысады.
Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын
көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының
біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай
би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ,
Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар
шығармаларынан үзінділер бар.
… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп,
ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп,
Ахмет Байтұрсынұлы туралы айшықты ойлар


өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет
Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.
— Сәкен Сейфуллин
… А. Байтұрсынұлының өлеңдері өзінің сыртқы
қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі
жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А.
Байтұрсынұлының арқасында санасыз түрде болмаса да шын
мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының
бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…
— Міржақып Дулатұлы
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған
әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ”
газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген
еңбегі, өнер- білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз
ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі
біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.
— Мұхтар Әуезов
Ломоносовтың бойында екі түрлі қабілет бар- ақындық пен
ғалымдық, оның соңғысы алғашқысына қарағанда күштірек”-
деген еді В. Белинский. Осыған ұқсас жайды Ахмет бойынан да
көреміз. Оның ақындығын ғалымдығы жеңіп кетті… Қазақ
даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның
бастаушысы, алғашқы ту ұстаушысы болып Ахмет қашан да тарих
биігінде тұрады.
— Серік Қирабаев
Екі жинақ- “Қырық мысал”, “Маса”- қазақ әдебиетін жаңа
тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты;
Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай
жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа
буыны тарам- тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін
болады.
— Рымғали Нұрғалиев


Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туған тілдің, туған
мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби нормасын жасады.
Бірде- бір бөгде тілдің сөзін қоспай, бірде- бір цитата келтірмей,
таза, мөлдір тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет
танытқышты” жазып шықты.
— Сырбай Мәуленов
Біз бүгін Ахаңның “Әдебиет танытқышын” Аристотель
“Поэтикасымен” салыстырар едік. Мұның мәнісі- екеуі де: бірі грек
әдебиетінің, екіншісі қазақ әдебиетінің алғашқы әліп- билері”.
Асылы, үздік қасиеттер бір- бірінен неғұрлым ерекше болса, бір-
біріне солғұрлым ұқсас болады”.
— Зейнолла Қабдолов
Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ
мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам- Ахмет.
— Сәбит Мұқанов
Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз
ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген- Ахмет
Байтұрсынұлы.
— Қайым Мұхамедханов
… Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ
еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып, сүйсінеді.
— Ғаббас Тоқжанов
Ахмет Байтұрсынұлы - біріншіден, қазақ тілінің тұңғыш әліппесі
мен оқулықтарының авторы. Соңынан із салған жаңашыл
ағартушы. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын
Байтұрсынұлының әліп-биімен ашып, ана тілін Байтұрсыновтың
“Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
— Рабиға Сыздықова
Алдағы уақытта Ахмет Байтұрсыновтың атын алты алаштың – бар
қазақтың баласы ғана емес, алдыңғы қатарлы адам баласы білетін
болады.
— Қайым Мұхамедханов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет