Біріншіден
,
сутек газын қыздыру арқылы ыстық плазманың
температурасын ондаған миллион градусқа көтеру қажет.
•
Екіншіден
, термоядролық реакцияны тұтандыру үшін ыстық
плазманы суытпай, белгілі бір көлемде кем дегенде 10
-1
-10
-2
с
ұстап тұру қажет.
•
Үшіншіден
, термоядролық реакция қарқынды жүріп, энергия
шығыны қажетінше мол болуы үшін ыстық плазмадағы
дейтерий ядроларының тығыздығы белгілі бір шамадан кем
болмауы тиіс, яғни 1 м3 көлемде 1022 бөлшек болуы керек.
•
Осы үш шарт қатарынан орындалса ғана басқарылатын
термоядролық реакцияны іске асыруға болады. Алайда плазма
заттың ең орнықсыз күйі болып табылады, сондықтан бұл
шарттарды бір мезгілде орындау мәселесі әлі күнге шешуін
таппай отыр.[1]