бірақ кейбір ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Белгілер мен мәндер мағынаға
қарағанда оның рәміздік дәнекерлері болып табылады. Белгі деп басқа заттар
туралы мәліметтерді сақтауға, қайта өндіруге және тасымалдауға арналған
затты-дүниені айтуға болады. Белгілер жүйесі белгілі бір мәдениет
қалыптарының материалды тасымалдаушы ретіндегі артефакттер мен
шынайлықты ой жүйесі арқылы қайта өндіретін және құрайтын сана жүйесі
(ментал) ортасында орналасады. Лесли Уайт адам баласының рәмізденуге
деген қабілетіне тәуелді заттар мен құбылыстарды «символаттар» деп
атайды.
Сонымен, белгілер адам баласының мағыналық іс-әрекетінің
элементтері ретінде адамдардың рәміздеу (символдау) қабілеті көмегімен
мәдениеттің құрылымдық мазмұнына кіреді. Олардың материалды дәнекер
болып табылатын артефактерден еркшелігі іс-әрекеттің рәміздік дәнекер
болуында.
«Сонымен, бүгін біз мәдениет – ақпараттық үдеріске қосылған өзіндік
ерекшелігі бар механизм, ол, сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар
ақпараттарды қалыптастыратын және тасымалдайтын механизм болып
табылады. Басқа сөзбен айтқанда, мәдениеттің өнімі – бұл белгілік құралдар
арқасында қоғамда жасалынатын және сақталынатын әлеуметтік ақпарат
екенін білдік.
Достарыңызбен бөлісу: