Төртіншіден, монетизация заңын үмытпайық. Мо
нетизация заңы, сенің қабілетіңнің ақшаға айналуын қа-
дағалайды. Бір саланы таңдадың делік. Мұнымен күн көре
аласың ба? Маған серуендеу ұнайтын шығар, бірақ ол үшін
кім маған ақша төлейді? SMM ұнайды, одан ақша таба ала-
мын, бірақ өзім күткендей көлемде емес. Эрине, табыс де
ген міндетті түрде байлық емес. Дэрігер миллионер болуды
күтпейді. Ғылым жолына түскен адам, әсіресе Қазақстан-
да, миллиондарды армандай қоймайды. Олардың фокусы
басқада, баска дүниелерден лэззат алады, өз потенциал-
дарының пайдаланылып жатқанын, өз ісімен айналысып
жүргенін сезіп, содан рахат табады. Бірак қандай кәсіппен
болсын айналысу арқылы да өте жақсы өмір сүруге бола-
ды. Адам материалдық игіліктердің бэрінен бас тарта ал-
майды, өйткені олар - біздің рухани өмірімізді жеңілде-
тетін құралдар. Жеме-жемге келгенде, сенің отбасыңның,
жақындарыңның алдында жауапкершілігің болады. Адам,
қалай болғанда да, әлеуметтік жаратылыс. Сондықтан,
материалдық игіліктерге ұмтылуда тұрған ештеңе жоқ.
¥м ты лу керек, жету керек. Сондықтан қолымнан келеді,
өзіме ұнайды дегеннің ішіндегі қайсысы сенің қаржылық
қажеттіліктеріңді өтей алады, сол аспектіні ұмытпа.
94