Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Гуманистік психология адамдарға және олардың өз тағдырын бақылау қабілетіне



Pdf көрінісі
бет43/411
Дата19.03.2022
өлшемі4,34 Mb.
#136077
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   411
Байланысты:
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

Гуманистік психология адамдарға және олардың өз тағдырын бақылау қабілетіне 
оң көзбен қарайды, жеке тұлға дамуындағы шексіз болып көрінетін мүмкіндіктер 
сыныптағы оқушылар туралы мұғалімдердің пікіріне әсерін тигізеді.
Оқудың әлеуметтік-мәдени теориясы
Әлеуметтік-мәдени теория жеке тұлғаның дамуына қоғамның қосатын үлесінің маңызын 
қарастырады. Бұл теория дамып келе жатқан адамдар мен өздері тұрып жатқан мәдениет 
арасындағы өзара қарым-қатынастың маңызын атап өтті. Әлеуметтік-мәдени теорияның 
негізінде психолог Лев Выготскийдің жұмысы жатыр, оның пікірі бойынша, ата-ана, 
тәрбиешілер, құрдастар және мәдениет жоғары сатылы функциялардың дамуы үшін жауапты 
болады. 
Выготскийдің айтуына қарағанда, «Баланың мәдени дамуындағы кез келген қызмет екі 
түрлі келбетте сахнаға екі мәрте шығады: біріншісі – әлеуметтік, содан соң – психологиялық, 
әуелі 
интерпсихикалық 
санат ретінде адамдар арасында, содан кейін 
интрапсихикалық 
са-
нат ретінде баланың жан-дүниесінде көрініс табады». Бұны осы дәрежеде ерікті зейінге
логикалық жадыға және түсініктердің қалыптасуына қолдануға болады. Әлеуметтік-мәдени 
теория үлкендер мен құрдастардың индивидтің оқуына ықпал етуіне ғана емес, сондай-ақ
мәдени сенімдер мен қатынастардың оқу және тәрбие үдерістеріне қалай ықпал ететініне 
көңіл аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   411




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет