Ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндерін оқыту мәселелері...
225
болады. Соңғы жылдары Біріккен Корольдікте балалар оқу, проблема
-
ны шешу және ойлау дағдысы бойынша әлемнің басқа бұрышындағы
қатарластарынан артта қалып барады
деген мәселе айналасындағы
дау шиеленісе түсті. Сонымен қатар мұғалімдер ағылшын тілі, матема
-
тика және жаратылыстану пәндері секілді «негізгі» пәндер бойынша
ұлттық стратегияларды, оқу бағдарламаларына шолу, стандарттарды
жетілдіруге бағытталған бағалау бастамаларын бастан өткерді. Мұға
-
лімдердің пәндік білімі мен біліктілігін арттыру курсындағы дайын
-
дықтарына күмән пайда болды. Бұл мәселелер жаңалық емес.
Бірақ
жұмыс берушілер мен саясаткерлер арасында мектептердің оқушы
-
ларды бүгінгі ақпараттық қоғам үшін
қажетті дағдылармен қанша
-
лықты жақсы қаруландырып жатқанына алаңдаушылық та артты.
Біріккен Корольдік сауат ашу, санау
және техникалық дағдылар
-
дың төмен көрсеткішіне төзіп отыр, алайда фирмалардың 48
пайызы
жағдайды оңалту үшін өз қызметкерлерін базалық курстан өткізеді
(CBI/Pearson, 2013). 500 фирмаға жүргізілген
сауалнама нәтижесінде
олардың 42 пайызы мектеп бітірушілердің ағылшын тілін меңгеруіне
қанағаттанбаған, ал үштен бір бөлігі санау дағдыларына алаңдаушылық
білдірген (Vasagar, 2011). «Ғылым және Инжиниринг» кoмпаниясының
директоры Хан: (2012) «Егер Британия экономикада жоғары біліктілігі
-
мен бәсекеге түскісі келсе, онда тез арада ғылым, технология, инженерия
және математика (STEM деп аталатын пәндер) бағытын дамытуы керек»
екенін айтады. Оның іргетасы бастауыш мектепте қалануы керек.
Достарыңызбен бөлісу: