Құю әдісі арқылы, басқа тәсілдермен жасауға болмайтын күрделі



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата19.03.2022
өлшемі0,84 Mb.
#136278
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ҚҰЮ ӨНДІРІСІ

 
15.1 Жалпы мәліметтер 
Құю өндірісі
– дайындаманың немесе бөлшектердің пішіні қуыс 
ретінде берілген арнайы қалыптарға балқытылған металды құю жолымен 
бөлшектерді немесе дайындамаларды жасаумен шұғылданатын машина 
жасау саласы. Қалыпқа құйылған қорытпа кристалданып өзі құйылған қуыс 
пішінді құймаға айналады (құйылған дайындама). Ақырғы өнім 
құйма
деп 
аталады. Машиналардың және жабдықтардың 50%, металл кесу білдектерінің 
80%, тоқыма машиналарының 72%, тракторлардың 55% дейінгі бөлшектері 
мен тетіктері құю арқылы дайындалады. Қажет болған жағдайда құймаларға 
механикалық өңдеулер арқылы нақты өлшемдер мен пішіндер беріледі. 
Құймалар әр түрлі тәсілдермен: құм-балшық қалыптарды қолмен 
немесе машинамен қалыптау; металл қорамасына (кокиль) құю; қысыммен
балқығыш үлгілер бойынша; қабыршақты қалыптарға; центрден тепкіш 
машинамен; төменгі қысыммен; вакуумды сорғызу арқылы; сығыммен; 
сұйықтай қалыптау арқылы құю және т.б. Мұның ішінде көп қолданыс 
тапқаны құм-балшық қорамаларда құю, қалғандары арнаулы тәсілдермен 
құюға жатады. Шығатын өнімдер санына қарай бір реттік және бірнеше 
реттік (тұрақты) болып ажыратылады. Бір реттік қорамалар бір құйма 
алынған соң бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет