17
Гонадотропиндер
(лютейіндеуші,
лютеотроптық,
фоликулстимулдеуші
горомондар)
жыныстық жетілу кезінде маңызы арта бастайды. Ерлер сперматогенезін күшейтеді, әйелдер етеккірін
мезгілінде келтіреді, емізетін әйелдің сүтінің келуін реттейді.
Меланотропин (МТГ)
адам терісінің түсін реттейді. Мөлшері көбейіп кетсе дене терісі сүттей ақ,
ал азайып кетсе қоңыр дақ пайда болады.
Окситоцин
жатырдың жиырылуын қамтамасыз етеді, әйел босанып жатқанда баланың сыртқа
шығуына көмектеседі.
Вазопрессинді
антидиурездік гормон деп те атайды. Ол бүйрек каналшаларында судың қанға қайта
сіңуіне әсер етеді. Гиперсекрециясында – қантсыз диабет ауруы пайда болады (тәулігіне бірнеше литр
несеп бөлінеді).
Эпифиз
– пішіні домалақ. Ортаңғы мидың жоғарғы бөліктерінің арасында орналасқан. Жаңа туған
нәрестеде ұзындығы 3мм ені 2,5 мм қалыңдығы 2 мм. 4 жасқа дейін өсіп көлемі артады да одан әрі
клеткалары кішірейіп қарапайымдалады. 8 жастан кейін тығыздалып қызметі тоқтайды. Эпифиз безінің
гормондары жыныс безінің гормондарын тежейтіндігі анықталған. Эпифизде 3 гормон өндіріледі:
1.
Меланин
– теріні түссіздендіреді;
2.
Достарыңызбен бөлісу: