Гипосекрецияда – миксидема
, шірішті ісік пайда болады. Науқастың
тәбеті болмайды, температурасы төмендеп, салбыр болады, ақылы кем, есте сақтау қабілеті төмен
болады. Егер гипосекреция баланың кішкентай кезінде байқалса
кретинизмге
шалдығады: жыныс
мүшелері жетілмейді, ақылы кем болады, дене пропорциясы бұзылады.
Гипосекреция кемшілігі 2 түрлі болады:
1. туа болған, қалқанша безі болмай, не нашар дамыған болса;
2. жүре пайда болған. Гипофиз безінің тиреотропин гормонының түзілуі тоқтағандықтан өсе келе
пайда болады.
Қалқан серік бездері
қалқанша безінің артқы жағында орналасқан түйме тәрізді 4-6 без болады.
Салмағы 0,1-0,3 г, ұзындығы 6-7 мм, ені 3-4 мм. Жасөспірімдерде қалақансерік бездері қызғылттау,
кейін сарғыш болады, қартайғанда қоңыр болады. Қалқансерік безінде
паратгормон
деп аталатын
гормон өндіріледі.
Паратгормон кальций мен фосфордың алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшерін реттейді. Бұл
гормон жеткіліксіз болғанда сіңір тартылады. Гиперсекрециясында – фосфаттар несеп арқылы сыртқа
шығып, босаған кальций қанда көптеп жиналады да гиперкальцемия (сүйектер деформацияға
ұшырайды) байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |