Қанның құрамы мен
қасиеттері.
Қанның құрамы өте күрделі. Қан п і ш і н д і
э л е м е н т т е р , яғни қан клеткаларынан және сүйық п л а з м а д а н тұрады. Қанның пішінді
элементтеріне қанның қызыл клеткалары эритроциттер, ақ клеткалары лейкоциттер және қызыл
пластинкалары тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары күллі қанның 55-60%-ын, ал
плазма 40-45%-ын кұрайды. Қан плазмасының кұрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 %
белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май
және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий,
кальций, хлор тұздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі
ферменттер, гормондар, түрлі витаминдер, холестерин т.б. заттар болады. Плазманың
белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, глобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3
%
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |