Білезік сүйектерінің
қатуы 14-16 жаста аяқталады.
Саусақ сүйектері
16-18 жаста қатып аяқталады.
Жамбас белдеуінің сүйектерін
– сегізкөз, жамбас сүйектері (жұп мықын, жұп шат, жұп
шонданай) құрайды.
Аяқ сүйектерін
- ортан жілік, асықты жілік пен шыбығы, табан сүйектері құрайды.
Ортан
жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек. Оның жілік басы, мойны, денесі болады. Бала туғаннан
кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өсе бастайды да, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі
жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпты баяу өседі. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін
тоқтатады.
Асықты жілік пен шыбығы
қыздарда 16-17, жігіттерде 19-20 жасқа дейін өседі.
Табан сүйектері
өкше, табан және аяқ саусақтарының сүйектерінен құралған. Табан сүйектері бір-
бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық
қалыптасады. Табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына тар аяқ киім, ауыр жүк тасу, ұзақ уақыт табанға
күш түсіріп, кішкентай баланың түрегеліп тұруы кері әсер етеді. Мұндайда жалпақ табан пайда болады.
Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік
өкшелі аяқ киім киюге болмайды. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |