Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысының жас ерекшеліктері
. Тыныс алу жүйесінің
мүшелерін екі топқа бөледі: тыныс алу жолдары және тыныс алу орны. Тынысталу жолдары: мұрын
қуысы, жұтқыншақтың жоғары бөлігі, көмей, кеңірдек, бронхылар. Тыныс алу орны - өкпе.
Мұрын қуысы
кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау арқылы
сыртқа ашылады да ішкі жағы
хоан
тесігі арқылы жұтқыншақпен қосылады.
Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған, шаң-тозаңдарды ұстап микробтарды өлтіріп, сыртқа
шығарылуын қамтамасыз ететін эпителий клеткаларының түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны
жылытып, ылғалдайтын қантамырларына бай болады.
Көмей
ІҮ-ҮІ мойын омыртқасының тұсында мойынның алдыңғы жағында орналасқан. Оны
алдыңғы жағынан бұлшық еттер жауып тұрады, екі жағында қалқанша бездің бөліктері орналасқан, ал
артқы жағында жұтқыншақ жатады. Көмей тыныс алуға және дыбыс шығаруға қатысады.
Көмейдің жалғасы
кеңірдектің
ұзындығы балаларда - 4см, 10 жаста – 7 см, ересек адамдарда - 10-
12 см.
ІҮ-Ү арқа омыртқаларының тұсында кеңірдек екі бұтаққа сол және оң
Достарыңызбен бөлісу: |