Тыныс алу гигиенасы
. Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене
еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы, штангистерде ӨТС -4 л, футболистерде – 4,2 л, қайықшыларды -
5,5 л. Тыныс алу жиілігі спортсмендер де минөтіне – 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда 14-20 рет.
Тыныс алу жүйесінің мүшелері балаларда дұрыс дамып жетілу үшін төмендегі талаптарды сақтау
керек:
-бала үстелде (партада) дұрыс отыра білу керек;
-ой еңбегі мен дене еңбегін дұрыс ұйымдастыру қажет;
-сынып бөлмелері, еңбек бөлмелері, балалардың ұйықтайтын, сабақ оқитын бөлмелері жиі
желдетіліп отыру керек;
- жоғарғы сынып оқушылары тәулігіне далада таза ауада 3 сағаттан, ал бастауыш сынып
оқушылары 4 сағаттан кем болмау керек;
- баланың киімі денесін қыспайтын, жеңіл болу керек;
-бастауыш сынып оқушыларына сабақ кезінде 1-2 минөттік демалыс беріп, тыныс гимнастикасын
ұйымдастыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |