Web-жобалау. Сайттың картасы Меңгерілетін білім



Pdf көрінісі
Дата24.03.2022
өлшемі297,22 Kb.
#136599
Байланысты:
Web Жобалау



Web-жобалау. Сайттың картасы 
Меңгерілетін білім: 
сайттың картасы;
• сайттың картасының түрлері;
• сайттың картасын құру ережелері. 
Сайттың картасы (Sitemap) – сайттың барлық бөлімдері, ішкі бөлімдері, 
сайттағы мәліметтер көрсетілген жеке бет. Басқаша айтқанда, кітап мазмұны 
секілді, яғни мазмұнына қарап кітаптың не туралы екенін білсек, сайт 
картасынан сайттан қандай ақпарат алуға болатынын білуге болады.
Сайт картасының екі негізгі форматы бар: 
html 
сайт картасы мен 
xml 
сайт картасы.
html форматындағы сайт картасы
қолданушыларға арналған, ол 
қолданушылардың сайттан керекті ақпаратын іздеу жұмысын жеңілдетеді. 
Сайт картасының бұл түрі 30-дан артық беттен тұратын ірі сайттарда 
міндетті түрде болуы керек.
xml форматындағы сайт картасы
іздеу жүйелері үшін қажет, іздеуші 
робот сайттағы барлық сілтемелерді көріп, сайтты индекстейді.
Негізінде екі форматтағы сайт картасын да құрған дұрыс: роботтар 
үшін – 
sitemap. XML
және қолданушылар үшін – 
sitemap. HTML.
Sitemap
файлының көмегімен Google, Яндекс секілді іздеу жүйелеріне 
сайттың қандай беттерін индекстеу керек, сайттағы ақпарат қаншалықты жиі 
жаңарып отырады, сайттың қай беттерін индекстеу маңызды екендігін 
хабарлауға болады.
Алдымен html форматындағы сайт картасын қарастырайық, бұл біздің 
күнде көріп жүрген әрбір сайттағы карталарға ұқсайды. 
Cайт картасын құру ережелері
1. Сайт картасын басты мәзірден кіре алатындай жеке бетке орналастыру 
керек, яғни сайт картасына сілтеме кез келген сайт бетінен көрініп тұруы 
қажет.
2. Сайт картасының құрылымында сайт беттерінің иерархиясын көрсету 
маңызды – басты бөлімдер мен бөлімшелер анық көрінуі керек. 
3. Сайт картасының басына сайттың қысқаша сипаттамасын келтірген 
дұрыс, бұл сайт қолданушысына ол нақты қандай сайтта тұрғанын көрсетеді. 
4. Сайт картасына артық суреттер қосудың қажеті жоқ, дұрысы – суретті 
мүлдем қолданбау.
5. Сайт картасының бөлімдеріне бірден сайт бетіне өтіп кететін сілтеме 
қоюды ұмытпау керек, бұл қолданушының өзіне қажетті бөлімге бірден 
ауысып кетуіне мүмкіндік береді.
6. Сайт бөлімдерін қысқаша сипаттау жеткілікті. Бөлім атаулары қысқа, 
нақты, түсінікті болуы шарт.


7. Сайт қартасының өзектілігіне назар аударыңдар. Егер сайттың кейбір 
бөлімдері жойылып немесе жаңадан бөлімдер қосылып жатса, оны сайт 
картасында да көрсетіп, жаңалап отыруды ұмытпаңдар.
XML сайт картасы
– іздеу жүйелеріне (Яндекс, Google, Rambler, Bing 
және басқалар) арналған сайттың беттері туралы ақпарат орналасқан сайттың 
директивасында орналасқан файл. Бұл файл іздеу жүйелерінің сайтты жеңіл 
индекстеуі үшін керек.
Іздеу роботы сайтқа кірген кезде ең алдымен сайтты қалай индекстеу 
керектігі туралы ақпарат жазылған robots.txt файлындағы нұсқаулықты 
оқиды. Егер сол файлда sitemap.xml сайт картасы бар екендігі көрсетілсе, 
онда робот көрсетілген адрес бойынша сайттың маңызды беттерін қарайды. 
Сондықтан sitemap директивасында sitemap.xml файлын орналастырып қана 
қоймай, robots.txt файлына да жол көрсету керек. 
sitemap.xml 
сайт картасы іздеу роботының жұмысын жеңілдетеді және 
сайттың сапалы индекстелуін қамтамасыз етеді. Яндекс үшін sitemap.xml 
сайт картасы қандай болатындығын қарастырайық. Яндекс Sitemap 
хаттамасын қолдайды. Ақпаратты беру үшін мына элементтерді қолдану 
керек (11-сызба): 
Робот беттерді кезекпен 0.0-ден 1.0 аралығында көрсетілген коэффициенттің 
болуы мен оның мәнін есепке ала отырып жүктейді. Сайттағы URL үшін 
коэффициент мәндері маңызды. 
Сөздік
Сайт картасы – Карта сайта – Sitemap
Формат – Формат – Format
Мекенжай – Адрес – Address
Жаңарту – Обновление – Update
loc 
lastmod 
changefreq 
priority 
бетті соңғы рет 
жаңалаған күн 
бет адресі 
бетті өзгерту 
жиілігі 
беттің 
маңыздылығы 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет