Сабақ №28 Күні: 10. 04. 2014 ж. Сабақ тақырыбы



Дата25.05.2020
өлшемі31 Kb.
#71136
түріСабақ
Байланысты:
sabaq-kz attachment saytty-arapayym-alashy-betn-ru-kestede-ornalasan-aparattary-bar-betterd-ru-saytty-gipersltemeler-men-navigaciyasy

Сыныбы: 10 «Ә»



Сабақ № 28

Күні: 10. 04. 2014 ж.

Сабақ тақырыбы:

Сайттың қарапайым алғашқы бетін құру, кестеде орналасқан ақпараттары бар беттерді құру, сайттың гиперсілтемелері мен навигациясы

Сілтеме:

Жоспар (күнтізбелік жоспар)

Жалпы мақсаттар:

Оқушылардың интернет бойынша толық ақпарат беріп, интернет ресурстарымен еркін жұмыс істеуді меңгертіп, Web-құжаттар құру негздерімен таныстырып, FrontPage редакторы туралы жалпы мәлімет беру.

Оқыту нәтижелері:

Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып, веб-беттерді дұрыс жасау шеберлігіне баулу, сол шеберлікке ұмтылу барысында логикалық және фантазиялық ойлау қабілетін арттыру, танымдық белсенділігін арттыру, іздендіру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеуіндегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін және жалпы келешекке өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету;

Түйінді идеялар:

Дамыту жөніндегі жұмыс оқушының білімін ғана емес, АКТ-ны пайдалану біліктілігіне әсер ету.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:

7 модуль технологиясын пайдаланып, сабақта барлығын қолдану және модульдердің элементтерін сабақта пайдалану.

Көрнекіліктер:

Компьютер, оқулық, интернет желісі, интернет браузері.

Орындалатын іс-әрекеттер:

Мұғалімнің орындалатын іс-әрекеттері

Оқушының орындалатын іс-әрекеттері

1.Ұйымдастыру. (2-3 мин).

1.Сыныптағы тәртіп, оқушылардың топтасуы.

(Интернет смайликтері арқылы топтасу).



2. Үй тапсырмасын тексеру:

А) Оқушылардың үйтапсырмасын меңгергенін тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Желі дегеніміз не? Компьютерлік желілердің неше түрі бар? (атап шығу керек)

2. Интернет желісі дегеніміз не? Интернеттің қандай қызметтерін білесіңдер?

3. Хаттама (белгіленуі), провайдер, модем дегеніміз не?

4. Браузер дегеніміз не? Ең танымал браузерлерді ата?

5. Ақпаратты іздеу жүйелері дегеніміз не? Түрлері қандай?

6.Электронды поштамен жұмыс істеуге арналған бағдарлама қалай аталады?

7. FrontPage редакторының қызметтері қандай?



3. Білімді жан-жақты тексеру:

А) Оқушылардың білімін тексеру




3. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру:

А) Оқушыларға «Интернет ақпарат көзі» тақырыбында постермен жұмыс ұйымдастыру.



4. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық:

а) Оқушыларға сабақтың мақсатын хабарлап, түсіндіру.



4. Оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіріп, жаңа тақырыпты меңгеруге дайындау: А) Оқушылардың интернет бойынша толық ақпарат беріп, интернет ресурстарымен еркін жұмыс істеуді меңгертіп, Web-құжаттар құру негздерімен таныстырып, FrontPage редакторы туралы жалпы мәлімет беру.

5. Жаңа сабақты түсіндіру:

А) Оқушыларға жаңа сабақтың материалдарын меңгерту.



5. Жаңа сабақ материалдары:

Қазіргі кезде Web-сайт жасау үшін жиі қолданылатын программалардың бірі Microsoft Front Page 2003 программасы. Программаның көлемі 150 Mб шамасында. Кейде бұл программаны Microsoft Office 2003 пакетінен кездестіруге болады. Программаның негізгі артықшылықтарына тоқталып өтейік. Front Page программасының интерфейсі бәрімізге үйреншікті орыс тіліне аударылған. Программа терезесінде Word редакторына ұқсас қолайлы аспаптар панелі орналасқан. Егер сіз Word редакторымен үнемі жұмыс жасап жүрсеңіз және ағылшын тілін жеткілікті дәрежеде игермеген болсаңыз, онда сізге сайт жасау үшін Front Page программасынан артық құрал табыла қоймас. Көп жағдайларда HTML тілін білу де шарт емес, бәрін өздері-ақ жасап беретін арнайы редакторларды пайдалануға болады. Сондай редакторлардың бірі – кәдімгі Microsoft Word 2003. Әрине, Microsoft Word 2003 бет жасаудың маңызды құралы бола алмайды. Ол HTML-дың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмайды, мәтіннің көрінісі де онда браузердегідей емес және т.б. Microsoft Front Page 2003 версиясының редакциялау мүмкіндіктері мол. FrontPage Редакторы HTML-ді бүге-шігесіне дейін білуді талап етпей-ақ, кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді. Егер бетті редакциялау барысында сөзді курсивпен ерекшелеу немесе тақырып түсін өзгерту қажет болса, Word-тағыдай мәтіннің қажетті фрагментін белгілеп, тиісті батырманы басыңдар – іс бітті. FrontPage HTML-дің тиісті кодын өзі генерациялайды.

Программаны іске қосу үшін:

1-тәсіл


1. Пуск (Start) батырмасын шертіңіз.

2. Менюде Программалар (Program) бөлімін таңдаңыз.

3. суретшесі бар Microsoft Front Page программасын шертіңіз.

2-тәсіл


Егер сізде Microsoft Office программасы болса Front Page-ді «Офис администраторы» («Администратор Офиса») тақтасынан батырмасын екі рет шерту арқылы іске қосуға болады.

Бағдарламада жаңа бет жасау үшін Меню жолында Файл —> Создать командасын орындау қажет.

Бұл панел мынадай бөліктерден тұрады: Создать страницу, Создать веб-узел және Шаблоны.

Осы бөліктен бізге қажетін таңдап аламыз. Яғни, Создать страницу бөлігіндегі Пустая страница сілтемесін шертеміз. Осы кезде бізде жаңа терезе ашылады.

Және Создать батырмасы арқылы да жаңа бет қосуға болады. Осы кезде Шаблоны страниц диалогтік терезесі ашылады, Обычная страница командасын орындап, ОК батырмасын басамыз.

Беттер Файл менюінің Сохранить немесе Сохранить как … командасымен немесе инструменттер панеліндегі Сохранить батырмасын тышқанның шертуімен сақталады.

Бетті Файл менюінің Открыть командасымен немесе инструменттер панеліндегі Open батырмасын маустың шертуімен ашуға болады.

Front Page бағдарламасының терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:

• Тақырып жолағы – онда терезені басқару батырмалары және құжаттың атауы орналасады.

• Мәзір жолағы – Мәзірдің әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан құралады:

• «Стандартты» құралдар тақтасы – Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Көшіру, Қою т.б сияқты негізгі стандартты әмірлерді қамтиды.

• «Пішімдеу» құралдар тақтасы – мәтін үшін талап етілетін параметрлерді және оның құжаттағы орнын белгілеуге арналған.

• Тапсырмалар аймағы – пайдаланушы таңдауы бойынша орындала алатын құжаттың ағымдағы тапсырмаларын көрсетеді.

• Айналдыру жолақтары – құжат ішінде қозғалып жүруге мүмкіндік береді.

Басқа да HTML редакторлар секілді Front Page программасының да терезесінде парақтағы мәліметтерді түзетуге, өзгертуге, алмастыруға қажетті аспаптар панелі орналасқан.

Программаның аспаптар панелін төмендегі Word редакторының аспаптар панелімен салыстырып көріңіз. Ұқсастық өте көп. Аспаптар панелінде орналасқан кейбір батырмалардың қызметі Word редакторының батырмаларымен сәйкес келеді.

Мына панель аспаптар панелінің астында орналасады. Бұнда сол кезде жұмыс жасап отырған сайтыңыздың құрылымы бейнеленіп тұрады. Осы панельдің көмегімен сайтыңыздың жекелеген парақтарына жылдам ауысуға болады.

Ең төменде орналасатын бұл панель өздеріңіз көріп тұрғандай төрт бөліктен тұрады. Сайтты құрастыру конструктор режимінде іске асады. Код батырмасын басып, жасап отырған парағыңыздың HTML кодын көруіңізге болады. С разделением режимінде парақпен де, HTML кодпен де бір мезгілде жұмыс жасау мүмкіндігі қарастырылған. Жасаған сайтыңыздың парағы браузерде қалай бейнеленіп тұратынын алдын-ала көргіңіз келсе, Просмотр режиміне көшесіз.

Стандартты (Стандартная) аспаптар панелі

Front Page программасымен жұмыс жасау кезінде жиі қолданылатын панельдердің бірі Стандартная аспаптар панелі. Панель менюдегі командаларды жылдам орындауға мүмкіндік береді.



6. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру:

А) Жаңа сабаққа қатысты тапсырмалар орындау.



6. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру:

Microsoft Office файлдарынан материал пайдалану

FrontPage-нің ең үлкен құндылығы – оның Microsoft Office файлдарынан материал кірістіре және өңдей алатын қабілетінде. FrontPage мен Microsoft Office-нің мұндай достастығы қыруар уақытты үнемдейді. Мысалы, егер FrontPage сайтының бетіне орналастырғыларың келген ақпарат Word немесе Excel файлдарында болса, онда оны FrontPage редакторында жаңадан енгізу қажет болмайды.

Суретте Word-тан FrontPage редакторына материалды алып бару жолы көрсетілген. Егер өз үй беттеріңе арналған мәтінді Word-та теріп, енді редакторға ауыстырғыларың келсе, ол үшін келесі әрекеттерді орындау жеткілікті:

1. Word-тағы қажетті мәтінді ерекшелеу;

2. Оны буферге көшірмелеу;

3. Одан соң редакторға қосылып, мәтінді буферден қажетті орынға кірістіру, FrontPage оны автоматты түрде HTML пішіміне түрлендіреді.


7. Сабақты бекіту:

А) Сабақты бекіту мақсатында, жаңа тақырып бойынша сұрақ-жауап ұйымдастыру.



7. Сабақты бекіту:

  • 1.FrontPage қандай бағдарлама?

  • 2. FrontPage бен Word бағдарламаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары ?

  • 3. FrontPage бағдарламасын қалай іске қосамыз?

  • 4. Front Page бағдарламасының терезесінің негізгі элементтерін атаңдар?

  • 5. Бағдарламада жаңа беттерді қалай құрамыз?

8. Үй тапсырмасын хабарлау және оқушылардың білімін тексеру, бағалау:

а) Оқушылардың сабақты меңгергенін тексеру, бақылау, қосымша бағыт-бағдар беру.



8. Сабақты қорытындылау:

а) Үйге тапсырма: Web-құжаттар құру негіздері .



FrontPage бағадрламасна кіріспе .

ә) Сабақты қорытындылау: Орындалған жұмыстарды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

(Өзін-өзі бағалау әдістерін және бағалау критерийлері бойынша бағалау әдістерін қолдану).




Информатика пәні мұғалімі Суюншалиева Ш.М

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет