қызметке қайтару құралы ретінде қарастырған. Кейіннен, бұл терминнің мәнін кеңірек қарастырып, Г.Тард әлеуметтік бақылауды жеке адамның әлеуметтенуінің бір факторы деп қарады. Г.Тард көзқарасының ықпалымен американ социологы әлеуметтік тәртіпті орнату мақсатымен қоғамның индивидке мақсатты түрде әсер етуі және индивидттің мәдениетті игеруі мен оны ұрпақтан – ұрпаққа тапсыру үрдісін қамтамасыз ететін құрал ретінде, әлеуметтік күш пен адамзат табиғаты арасындағы белгілі бір қатынасты үйлестіруші деп түсінді. Әлеуметтанушы Г.Тард негізгі әлеуметтік үрдіс еліктеу деп санады. Тардтың еліктеу қағидасы тұлғааралық және топтық өзара әрекет саласына таралады. Әлеуметтанудың негізгі әдістері ретінде Тард археологиялық және статистикалық әдістерді белгіледі. Бірінші тарихи құжаттарды талдауда қолданса, екінші әдіс қылмыс