21. Ситуациялық есеп 32 жастағы жүкті, толық мерзімді жүктілік.Анамнезінде 1рет
босанған, баланың салмағы 4200, үш түсік, соңғысы қан кетумен және жатыр қуысын
қайта қырумен асқынған.Бұл жүктілік - төртінші. Іштің шеңбері 110 см, жатыр түбінің
биіктігі 40 см. Ұрық басы жамбас кіреберісіне қондырылған. УДЗ жүргізілген.
Тапсырма
-Диагноз қойыңыз.
- Ұрықтың болжамды салмағын анықтаңыз.
-Босану кезінде қандай асқынулар болуы мүмкін?
22. 26 жастағы жүкті. Жүктілікке 35 апта. Анамнезінде 1 кесарь тілігі асқынусыз.
Ұрықтың басы оң жақ қабырға астында, ал жамбасы әйел жамбасының кіреберісінің
сол жағында анықталады. Ұрықтың жүрек соғысы айқын, ырғақты, 140 соқ. мин.
Тапсырма
-Диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.
-Жүргізу жоспарын құрыңыз
23. .
Науқас, 24 жаста, ақшыл және жанаспалы қанаралас бөлінділерге шағымданды.
Етеккір функциясы қалыпты. 23 жастан бастап жыныстық қатынаста,некеде,
жүктіліктен сақтанбаған.
Тапсырма
-Болжамды диагноз қойыңыз.
- қандай тексерулер қажет
-Сіздің жүргізу жоспары?