160
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Мұның
бәрі қисынды сияқты, бірақ бұл
сіздің нақты жоспарыңыздың
бар екенін білдіреді. Әдіснамалық жоспар
өзгерсе немесе ауысса не
істеймін?
Мұндаи� жағдаи�
әрдайым
кездеседі. Бұл күтпеген жағдаи�лардан туын-
дауы мүмкін немесе жоспардың бір бөлігі болар. Негізделген теорияда, мы-
салы, «эмерджентті әдіснамалық дизаи�н» – тәсілдің бір бөлігі және тармағы.
Зерттеушілер деректерден теория шығару үшін индуктивті жұмыс істеи�ді.
Негізделген теория зерттеуінің бірінші кезеңінде зерттеу сұрағы немесе
тақырыбы анықталады, дерек жинауға арналған әдіснамалық хаттамалар
жасалады, деректер кодталады және талданады, содан соң теория паи�да
болады. Бұл қолда бар деректі қаи�та қарау немесе қосымша дерек шығару,
кодтау мен талдауға арналған жаңа әдіснамалық хаттамаларды дамыту
және қолдануды қамтуы мүмкін. Екі жағдаи�ға да негізделген теорияның
зерттеушілері зерттеуді жоспарлау үшін әдіснамалық хаттамалардың ба-
сым бөлігі алдын ала даи�ындалмаи�тынын және бәрі де деректерден туын-
даған мәселеге тәуелді екенін біледі. Негізделген теория икемді, итеративті
және эмержентті болуы мүмкін, бірақ ол анықталмаған, кездеи�соқ немесе
бір реттік бола қои�маи�ды.
Әрекетті зерттеу әдіснамасы – (11-тарауды қараңыз) тың әдіснама.
Әрекетті зерттеудің мақсаты – әрекетті өзгерту мақсатында мағлұмат алу
үшін мүдделі тараптармен жұмыс істеу. Бұл процесс мүдделі тараптар үшін
аи�тарлықтаи� өзгеріс әкелетіндіктен, олар әріптес зерттеуші рөлін алады.
Бас зерттеуші әрекетті зерттеу процесіне қажет әдіснамалық хаттамалар-
ды даи�ындаи�тын топтың үи�лестірушісіне аи�налады. Бұл – қатысушылар
аясы ауқымды, белгілі бір әдіснамалық хаттамасы бас зерттеушінің толық
бақылауынан ада болатын бірлескен зерттеу. Бұл – эмержентті, циклдік
және мүдделі тараптардың/зерттеушілер тобының бірлесіп қатысуына
негізделген процесс.
Дегенмен бұл әдіснамалық дизаи�нның бір бөлігі болмаса да, бүкіл ди-
заи�ндардың икемділікті қажет ететінін есте сақтаған маңызды. Өмір әрқи-
лы оқиғаларға толы болатыны сияқты, зерттеу жұмысында да тосын жағ-
даи�ларға жиі кезігесіз. Жоспарыңыз болуы мүмкін, бірақ кеи�де жоспардан
тыс жағдаи�ларға да беи�імделуге тура келеді. Жұмыс орнына кіруге рұқсат
бермеи�ді, сауалнамаңыз жауапсыз қалуы мүмкін немесе басты ақпарат
берушіңіз жұмыстан шығып кетуі ғажап емес. Осындаи� кедергілерге тап
болғанда тез беи�імделіп, жоспарды өзгерте алуыңыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: