Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет156/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Детальдар маңызды
Зерттеу жоспарын оңтаи�лы құрастырғаннан кеи�ін, енді осы жоспардың де-
тальдарына тереңіне үңілудің уақыты келді. Бұл зерттеу тәсіліңіздің «кімге, 
қаи�да, қашан, қалаи� және неліктен» деген негізгі сұрақтарына қатысты жауап-
тарды қамтиды. Осы сұрақтарға жауап бере алсаңыз, нақты анықталған зерттеу 
жобасын тұжырымдауға даи�ынсыз.


156
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Негізгі сұрақтар
Тақырыпта аи�тылғандаи�, детальдар маңызды. Төменде келтірілген негізгі 
сұрақтар бои�ынша жұмыс істеген кезде әдіснамалық жоспардың қаншалықты 
дұрыс анықталғанын білесіз.
Кім?
 
y
Зерттеуде кім туралы сөз қозғағыңыз келеді
? Нақтырақ айтқанда, зерттеу жүргі-
зілетін негізгі жиынтық кім және зерттеу нәтижелерінің қолдану аймағы қандай? 
Нәтижелеріңіз сіз сөйлескен аудиториямен ғана шектеле ме, әлде ауқымдырақ 
топты қамтығыңыз келе ме? Мысалы, зерттеу нәтижелері сұхбат алған балалар-
ға, болмаса Филадельфиядағы, АҚШ-тағы немесе Батыс әлеміндегі балаларға 
қатысты болуы мүмкін. Әлде нәтижелеріңіз Кент қаласындағы белгілі бір топты, 
Англияның ауылдық жерлерін немесе Ұлыбританиядағы бүкіл ауыл адамдарын 
көрсете ме?
 
y
Кіммен сөйлесуді/кімді бақылауды жоспарладыңыз
? Пікірін білгіңіз келе-
тін аудиторияның әрбірімен жеке сұхбаттасып шығу мүмкін бола бермейді. 
«Негізгі жиынтық» туралы айтқыңыз келсе, сіз сөйлесетін топ «іріктеме» бол-
мақ. Іріктемедегі басты нәрсе – оның қызықты болуы немесе ауқымды негізгі 
жиынтықты сипаттауы. 10-тарауда іріктеме мен негізгі жиынтық туралы кеңінен 
әңгімелейміз. 
Қайда?
 
y
Іріктемеңіздің физикалық аймағы қайда
? Әдістерді орындау үшін қаншалық шал-
ғайға бару керектігін анықтап алыңыз. Әртүрлі географиялық аймақтарға сапар 
шегуіңіз керек пе? Бәлкім, әртүрлі орындарға бару керек шығар?
 
y
Баратын орындарыңыз әдістеріңіздің сенімділігіне сәйкес келе ме
? Зерттеу ай-
мағыңыз әдісіңізге қалай әсер ететінін қарастырған жөн. Мысалы, құрылысшы-
лардың жұмысына көңілі толатын-толмайтынын білу үшін сұхбат жүргізгіңіз кел-
се, онда жұма күні, кешкі сауық орнындағы бейресми сұхбаттан алған мәліметтің 
және жұмыс орнындағы бейресми сұхбаттан алған мәліметтерден айырмашылы-
ғы бар екенін ұмытпаңыз.
Қашан?
 
y
Әдістеріңіз мерзімге лайық па
? Студенттер деректерді жинау үшін қанша уақыт 
кететінін жете бағаламайды, оларды талдауға, қорытынды жасауға, ақырында 
есеп дайындауға өте көп уақыт жұмсайды. «Қашан» деген сауал мерзімді ұдайы 
еске салып тұруы керек.
 
y
Берілген мерзім әдістеріңіздің сенімділігіне сәйкес келе ме
? «Қашан» деген 
сауалды ұмыт қалдырып, өзіңізге ыңғайлы уақытта сауалнама немесе сұхбат 
жүргізсеңіз, онда зерттеуіңіз сенім тудыра қоймайды. Мысалы, бетпе-бет сауал-
наманы 9:00 – 17:00 аралығында жүргізсеңіз, зерттеуіңізде жұмысшыларды аз 
қамтисыз. Қорытынды шыққан күні университеттегі пәндерді бағалау бойынша 
зерттеу жүргізсеңіз, деректеріңіз өзгеретіні анық.


157
Зерттеу жоспарын дизайндау
Қалай?
 
y
Деректі қалай жинаймын
? Дерек жинау, жасақтау және/немесе қалыптасты-
ру үшін қолданылатын әдістер мен құралдар туралы шешім қабылдау керек. 12 
және 13-тарауларда бақылау, сұхбат, сауалнама және құжат талдауы сияқты бір-
қатар негізгі әдістер туралы айтып өтеміз.
 
y
Әдістерді қалай қолданамын
? Қандай әдіс қолданатыныңызды шешкен соң, оны 
пайдаланудың жолын үтір-нүктесіне дейін анықтап алыңыз. Мысалы, сұхбатта-
рыңызды таспаға түсесіз бе, әлде қағазға жазып аласыз ба; бақылау жасау үшін 
қауымдастықта бір жыл өмір сүресіз бе, әлде бірнеше рет барып-келіп тұрасыз 
ба? 
Не?
 
y
Нені іздейсіз/не жөнінде сұрайсыз
? Таңдаған әдістеріңізге байланысты анкета құ-
растыру, бақылау тізімдерін жасау және құжат талдау құрылымын әзірлеуді қамти-
ды. Мұны жалғыз жасамаңыз; кеңес алып, көмек сұраңыз. Бұл құралдарды дұрыс 
қолдану өте қиын және олармен оңтайлы жұмыс істеп, жақсы мәлімет алу үшін сы-
нақтан немесе сынамадан өту керек (12 және 13-тарауларды қараңыз).
7.1-кестеде әдіснамалық дизаи�ныңызды дамытудың өте маңызды аспектілері 
«Кім, қаи�да, қашан, қалаи�, қандаи�?» деген сұрақтарды қалаи� паи�далану керегін 
жан-жақты түсіндіреді. Бұл аталған элементтердің орынды екенін бағалау үшін 
тараудың басында талқыланған алғышарттарды (негізгі сұраққа сәи�кес болу, 
дұрыс жол табу және орындалатын зерттеуге кірісу) қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет