Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет155/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

 
y
Хореограф
– би үйлестіруші. Хореограф – жұмысын негізгі ұстанымдармен бас-
тайтын, өзіндік көзқарасы бар және шектеулі көзқарас аясында қалмауға ты-
рысатын зерттеуші. Хореограф денені қыздыру немесе дайындық, барлау және 
жаттығу, ақыр соңында, түсіндіру арқылы тұжырымдамамен жұмыс жасайды 
(Janesick, 2007). Хореограф әдетте сапалы әдіске жақын.
Прагматика: жүзеге асыру
Ои�ластырған жобаңыз зерттеу сұрағыңызды аи�қындаи�ды деп есептеи�ік. 
Тәсіліңіз ұнаи�ды, ал жобаны жүзеге асыруға қабілет-қарымыңыз жетеді, жаңа 
рөлдерге де беи�імделе аласыз делік. Бір ғана сұрақ бар. Мұны жүзеге асыруға 
бола ма? Әдіснамалық дизаи�ныңыз сізге және сұрағыңызға қаншалықты сәи�-
кес келетініне қарамастан, этикалық рұқсат немесе тапсырманы орындау үшін 
ресурстар, уақыт немесе мүмкіндік болмаса, тәсіліңізді қаи�та қарастырғаныңыз 
жөн. Жобаны жүзеге асыруға кедергі келтіретін тосқауылдарға кезіксеңіз, жақсы 
жобаңыздың өзі жаи�сыз болып қалады.
Төменде берілген сұрақтар әдіснамалық жоспарды практикалық тұрғыда 
бағалауға көмектеседі.
 
y
Әдіснамаңыз этикалық нормаларға сай келе ме
?/Қажетті этикалық рұқсат 
алу мүмкін бе? Кез келген зерттеу дизайнының айқын критерийі – этикаға 
сай болуы дер едік; мұны этика комитеті тексеруі мүмкін. Зерттеу адамдармен 


155
Зерттеу жоспарын дизайндау
қарым-қатынасты талап етсе, көбінесе ресми жұмыс орны және/немесе уни-
верситеттің рұқсаты қажет. 3-тарауда этика туралы егжей-тегжейлі әңгімеледік. 
Сол айтқанымызға қосарымыз, этикаға сай зерттеу білім өндірудегі адалдыққа 
жауапты және респонденттердің менталды, эмоциялық және физикалық денсау-
лығының қорғалуын қамтамасыз етеді.
 
y
Дерек ала аласыз ба
? Зерттеушілер кезігетін үлкен қиындық – дерекке қол жет-
кізу. Құжаттарды зерттеу, сұхбаттасу, сауалнама жүргізу немесе бақылау жасау-
ды жоспарласаңыз да, адамдарға, орындарға/мекемелерге кіріп, жазбаларға 
қол жеткізудің жолын таба алмасаңыз, ең мінсіз жоспардың өзі пайдасыз болып 
қалады. Бұл зерттеушінің реалист болу керектігін көрсетеді. Дереккөздерге қа-
лай қол жеткізетініңізді және әдістеріңіздің шынымен де жүзеге асатын-аспай-
тыны туралы ойланып алыңыз.
 
y
Уақыт жете ме
? Иә, жобаңыздың асқақ мақсаттарға қол созғаны жақсы, бірақ 
уақытылы орындалатындай болса әлдеқайда жақсырақ. Әдіснамадағы талаптар-
дың орындалуына жеткілікті уақыт бөлмесеңіз, қатты қиналып, күйгелектеніп, 
тапсырмаңызды бекітілген мерзімде орындай алмайсыз; зерттеудің орта жо-
лында әдіснамаңызды өзгертіп, жобаңызға кедергі келтіруіңіз мүмкін; бастапқы 
әдіснамаңызбен немқұрайды жұмыс істеуіңіз мүмкін; жұмысыңыздың/өміріңіз-
дің басқа аспектілеріне тиесілі уақытты жұмсап, жобаны мүлде іске асыра алмай 
қалуыңыз ықтимал.
 
y
Қаражат жеткілікті ме
? Зерттеу жүргізу арзан емес, ал студенттік ғылыми жо-
баларды университет қаржыландыра қоймайды, берсе де аз қаражат бөле-
ді. Сондықтан зерттеуіңіз үшін шынайы бюджетті қарастыру өте маңызды. 
Жобаңыздың қаншалықты қымбат екенін біліп таңғалуыңыз мүмкін. Мәселен, 
сауалнаманы алыңыз. 300 респонденттің дерегін жинағыңыз келді делік. Ол үшін 
2 000 сауалнаманы таратуыңыз керек. Ол сауалнамаларды басып шығару, сон-
дай-ақ конверттермен жеткізу (жіберу және қайтару) құнын қосса, шығын көбе-
йеді. Екінші жағынан, шағын, бірақ тереңдетілген сұхбаттар да қымбатқа түсуі 
мүмкін. Бір сағат сұхбат стенограммасы 50 беттен асады. Бір адамды жалдап, 
сұхбаттың бірнешеуін қағазға түсірсеңіз, шығын шынымен көбейе түседі. Кітап, 
компьютер, компьютерлік бағдарлама, жабдық, түсіндіруші, аудармашы, тренинг 
және т.б. нақты қарастырылуы керек. Кез келген жоба қаншалықты лайық болса 
да, шығынның орнын толтыра алмасаңыз, оны жүзеге асыру мүмкін болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет