Зерттеу дегеніміз не және ол не үшін қажет?
«Зерттеу» деп аталатын тұжырымдаманы толық түсінемін деп мәлімдеуден
оңаи� дүние жоқ. Тіпті өзіңіз де күн саи�ын әртүрлі зерттеу жасаи�тын шығарсыз.
Көлік сатып алардан бұрын, университетке түсер алдында, әуелі оларды зерттеп
аласыз, берілген тапсырманы орындағанда да зерттеу жүргізесіз.
Бірақ күнделікті зерттеу мен жобалық зерттеу құрылымы арасында нақты
аи�ырмашылық бар. Жазушы Зора Нил Херстон (Zora Neale Hurston) былаи� деи�ді:
«Зерттеу – ресімделген әуесқои�лық. Ол әлденені мақсатты түрде тергеп, тексе-
руге ұмтылады» (Hurston, 1942: 143). Бұл – зерттеудің бір ғана сипаты. Ғылыми
зерттеу ресімдеуді, жүи�елеуді және қатаң процестерді талап етеді. Білімге үлес
қосу үшін «ресімделген әуесқои�лық» қажет. «Оксфорд ағылшын тілі сөздігінде»
(Oxford English Dictionary, 2007) жазылғандаи�: «Зерттеу дегеніміз – фактілерді
анықтап, жаңа қорытындыға келу үшін материалдар мен дереккөздерді жүи�елі
түрде оқып, тұжырым жасау». Демек, ғылыми зерттеу – бұрын өзіңіз білмеген
ақпаратты алу үшін кездеи�соқ бір процеске қатысу емес, дүниежүзі бұрын-соң-
ды танып-білмеген мәліметті жүи�елі түрде іздеп табу. Осы қадам арқылы білім
қорына сіз де өз үлесіңізді қосасыз.
Шынымен де, бұл – өте қызық процесс. Зерттеу жасау арқылы жаңа білім кө-
зін ашасыз, ал ол білім нақты өзгерістер әкелуі мүмкін. «Білім үшін білім іздеу»
даңғазалық болып көрінуі мүмкін, кеи�бірі оны артық деп те санаи�ды. Кеи� адам-
дар қызыққандықтан зерттеу жүргізеді. Көбіне өте маңызды мәселені шешуге
көмектесетін зерттеу жасаи�мыз, сол арқылы жағдаи�ды жақсартуға ұмтыламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |