Ғылыми зерттеудің әлеуеті
Сонымен, жер-жаһанды жақсартудағы зерттеудің рөлі қандаи�? Ғылыми зерт-
теу жұмысы – нақты сұраққа жауап беру үшін дерек жинау процесі; әдетте бұл
процесс мәселені шешуге ықпал ететін білімге қатысты.
Демек, зерттеу мәселенің шешімі болғаны ма? Өкінішке қараи�, олаи� емес.
Алаи�да «зерттеу – мәселені шешу құралы» десек, қателеспеи�тін шығармыз.
Орынды, саналы шешім қабылдау кезінде зерттеу басты құрал бола алады.
«Не істеуіміз керек, не істеи� аламыз, оны қалаи� істеи�міз және қаншалықты
жақсы істедік?» деген сұрақтарға жауап іздегенде зерттеу көмекке келеді.
17
Зерттеу әлеміне тереңдеу
Зерттеу жұмысы мәселенің шешімі бола алмас, бірақ туындаған проблеманы
шешуге қажет жолдарды ұсынады. Зерттеу жұмысының паи�дасы:
y
Нақты мәселелер мен проблемалардың не екенін елеп-екшеп береді.
Барлық
күрделі, тосын мәселелер мен оның салдарын талдап-таразылайды.
y
Тиімді шешім табады.
Болашақты болжайды, мүмкіндіктерді байқайды.
y
Сол шешіммен жұмыс істейді.
Нақты өзгерісті жүзеге асырады.
y
Нәтижені бағалайды.
Проблеманы шешу/проблеманы өзгерту стратегиясы та-
бысты болғанын немесе болмағанын елеп-екшейді.
y
Дұрыс ұсыныс береді.
Қорытындыларға сүйеніп, тәжірибеге, бағдарлама мен
саясатқа ықпал ету үшін ұсыныстар жасайды.
Осындаи� іс-әрекеттер жергілікті деңгеи�ден жаһандық деңгеи�ге деи�ін зерт-
теуге негізделуі керек. Зерттеу терең білуге жол ашады: аи�наламыздағы мәселе-
лерді анықтап, оның қаншалықты күрделі екенін түсінуге көмектеседі. Сондаи�-
ақ шешім қабылдауға да ықпал етеді. Ол қажеттілікті бағалаудың, болашақты
болжаудың және ықтимал жауаптарды іздеудің әрі таразылаудың кілті болмақ.
«Әрекетті зерттеу» стратегиялары арқылы өзгерістерден сабақ аламыз. Бағалау
мақсатында жасалған зерттеу жұмыстары мәселені шешуде мониторинг жасау
мен нақтылаудың негізіне аи�налады. Қысқасы, зерттеу жұмысы мәселенің жауа-
бын білетін құрал емес. Ол – сізді алға жылжытатын, жағдаи�ды жақсартатын,
мәселенің шешімін табуға көмектесетін құрал.
Зерттеу жұмысымның әлемдік мәселені шеше алатындай әлеуеті бар
ма?
Ол сіз қарастыратын мәселенің ауқымына баи�ланысты дер едім.
Дүниежүзіндегі баланың бәрін аштықтан құтқарып, терроризмді тоқта-
тып, діни қудалауды доғарғыңыз келетін шығар. Ондаи� ауқымды мәсе-
лелерді зерттеу жұмысы арқылы шешетіндер өте аз. Зерттеу жұмысын
қолға алған кезде (қаншалықты маңызды әрі елеулі болса да) көтерген
мәселеңіздің жергілікті, негізді және қолданбалы екенін анықтап алыңыз.
Ауқымды әрі теориялық жобалармен салыстырғанда нақты мәселелерді
шешуге ұмтылған жобалар құнды болуы мүмкін. Қолыңыздан келгенше
жаңа білім өндіруге тырысыңыз, жағдаи�ды жақсарту үшін фактілер негі-
зінде «Шешім қабылдауға көмектесетін дәлел ұсына алдым ба, әлде жоқ
па?» деп ои�ланыңыз.
Сұрағым бар
18
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Достарыңызбен бөлісу: |