Онтология мен эпистемология Ендігі өзгерісті жіті түсіну үшін сту-
денттер қашқақтаи�тын екі сөздің мағы-
насын ұғып алуымыз керек. Қаласаңыз да,
қаламасаңыз да, оларды қолдануға тура
келеді. Бұл сөздер жаңа білімді игеру мен
одан туындаи�тын зерттеу процесіне қа-
тысты пікірталастар мен әралуандықты
түсінуге көмектеседі.
Ең алдымен, бұл терминдердің мәнін
ашып алсақ. Онтология қарастыратын
негізгі мәселе – «Шын мәнінде, не нәрсе
бар немесе не тіршілік етеді?» деген сұраққа жауап іздеу. Эпистемология «Бар
нәрсе не немесе оны анықтаудың тәртібі қандаи�?» деген сұраққа жауап беруге
тырысады. Бұл екі сұрақ үлкен пікірталасқа аи�налады. Әлденені анықтаудың
ережесі әртүрлі болғандықтан ненің бар (эпистемология) немесе ненің шын
(онтология) екені туралы пікір де әр алуан болмақ.
Эмпириктердің пікірінше, білімнің бәрі сезім мүшелері (олардың эписте-
мологиясы) арқылы тануға болатын дүниемен шектеледі. Сондықтан олар
өлшенбеи�тін нәрсені (олардың онтологиясын) тануға, оның бар екенін мо-
и�ындауға қиналады. Бірақ танудың басқа әдістері де бар (бәсекелес эпистемо-
логия), ол шындықтың (балама онтология) түрлі концепциясына бастаи�ды.