Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет25/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Бәсекелес ұстанымдар
Енді сәл кідіріс жасап, әлемді түсінуге көмектесетін жолдар жаи�лы аи�таи�ық, 
таным арқылы зерттеу процесіне қалаи� ықпал етуге болатынын ұғынаи�ық. Бұл 
терминдер өзара қарама-қаи�шы ұғымдарды білдірсе, оңаи� түсінер едік. Пәннің 
сипатына әртүрлі терминдер сәи�кес болып шығады да, оқырманды әуре-сар-
саңға салады. Әуелі, қысқаша шолу жасаи�мын, егер әр «изм»-нің табиғатына 
үңілгіңіз келсе, тарау соңындағы қосымша әдебиеттерді оқып шығыңыз.
Бұл үш термин әлемде жалғыз ғана ақиқат бар деген танымға салыстырмалы 
түрде қарапаи�ым ғана түсінік береді. Зерттеу жүргізген олар «Біздің білетініміз 
сенсорлық тәжірибеден туындаи�ды, оны 
ғылыми әдіс көмегімен қолдану керек» деп 
болжам жасаи�ды. Бұл терминдер Ағарту 
дәуірінен бері қараи�ғы зерттеудің аи�қын 
көрінісі тәрізді.
Реализм
– сыртқы әлем біздің қабыл
-
дауымыздан тысқары, дербес деген көзқарас. 
Дәлірек айтқанда, біз көрсек те, көрмесек те, 
түсінсек те, түсінбесек те, әйтеуір ақиқат бар.


20
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Қоғамдық ғылымдар саласында білу-
дің тәсілі әлемнің қалаи� паи�да болғаны, 
қалыптасқаны және нені зерттеу керегі 
туралы тұжырымдарды қамтиды. Осы 
тұжырымды ұстанатын әлеуметтанушы-
лар нақты бір дәлел іздеуге тырысады: 
сатылымды жақсарту, тұтынуды арттыру, 
салмақ тастау, өмір сүру ұзақтығын арт-
тыру, шылымды тастау, тест нәтижесін жақсарту т.б. дәлелін тапқысы келеді. 
Адамдардың бұрынғы және қазіргі ісін, ондаи� қадамға қаншалықты жиі бара-
тынын есептеи�ді (реализм, эмпиризм және позитивизм терминдерінің түсін-
дірмесін қараңыз).
Соңғы онжылдықтарда мәселеге ақ пен қара деп қана қарау күмән туды-
ра бастады. Физиктер ғаламдағы көзбен көріп, қолмен ұстауға келмеи�тін хаос 
пен күрделілікті мои�ындаи�ды. Ал әлеуметтік әлемдегі ақиқат ше? Ол кімнің 
ақиқатына жатады? Постпозитивизм философтары мен зерттеушілерінің көбі 
танымның мұндаи� жолына күмән келтіреді, оны ашық сынаи�ды, позитивизмнің 
негізгі принципіне қарсы шығады және/немесе оны қабылдамаи�ды. 
Соның нәтижесінде балама эпистемология термині дүниеге келді, оны пост-
модернизм немесе постпозитивизм дүниетанымы аясында жіктеуге болады. 
Танымның мұндаи� жолдары жоғарыда келтірілген нақтылықтың орнына хаос-
ты, күрделілікті, белгісіздік пен толымсыздықты, әртүрлілік пен көптүрлілікті, 
бөлшектену мен әртүрлі шындықты қабылдаудан тұрады. Осындаи� таным ая-
сына кіретін түсініктерді релятивизм, әлеуметтік конструктивизм және субъ-
ективизм деп жеке қарастырамыз. 
Қоғамдық ғылымдарда бұл алуан 
түрлі зерттеу әдістерінің паи�да болуына 
жол ашты. Мысалы, бала кездегі естелік 
пен түи�сігіңіз бір-біріне түбегеи�лі қаи�-
шы келсе, бала тәрбиелеу сапасы туралы 
қалаи� төрелік аи�тасыз? Қауіп-қатер тө-
ніп тұрса да, адамдардың жылдамдықты 
арттыруына не себеп? Адамдар күрделі, 
олардың әлеуметтік жүи�есі де, мінез-құл-
қы мен құндылығы да өте күрделі, тіпті 
адамзаттың қаи�дан паи�да болғаны тура-
лы түсініктері де қым-қиғаш. Постмодерн 
зерттеушілері осы күрделілікке солардың 
ақиқаты тұрғысынан қарап, зерттеуге 
тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет