22
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Олардың мидың оң және сол жақ сыңарлары арасындағы аи�ырманы еске сала-
тыны есіме түсті. Логикаға сүи�енетін сол жақ миымыз нақтылықты, объектив-
тілікті, позитивизмге тән ережелер мен процестерді ұнатады, демек, ол сандық
тәсілге сүи�енеді; ал бүлікшіл оң жағымыз құрылымға сене қои�маи�ды, белгісіз-
дікті, күрделілікті және постпозитивизмге тән релятивизмді ұнатады, демек, ол
сапалық тәсіл парадигмасын тудырады. Мұны 1.1-суретте көрсеттік.
Демек, танымның түрлі әдістері уақыт аралығындағы парадигмалық өзге-
рістен басқа, одан да ауқымды дүниелерді, әр адамның дүниетанымындағы
өзгешеліктерді білдіруі мүмкін. Аи�наланы түсініп, тануымыз бір ғана әдіске
баи�ланып қалмаса керек. Мидың екі бөлігін де жаттықтыруға болады. Тұтас
мимен жұмыс істеп, аралас әдіске көшсек тіпті жақсы. Зерттеуге керегі – сол.
Танымның осы екі тәсілі де бағалы екенін мои�ындап, оларды қатар қолдануға
болатынын, екеуін де тексеріп алу керегін ескеруіміз және бұл кедергіні жеңуіміз
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: