Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет32/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Банан тұтынуға қатысты тұжырым 
«Қайта өңделген ағын сумен бананды суғаруға бола ма, жоқ па?» деген тақырып 
бойынша бір студентім зерттеу жүргізді. Ол жұмысты екі кезеңге бөлді. Бірінші кезең-
де «құбыр суына және өңделген ағын суға суғарылған бананның арасында ешқандай 
биофизикалық өзгеріс болмайды» деген жорамалды тексеру қажет болды. Ол пози-
тивистік әдісті қолданды (онысы дұрыс еді), зерттеуді ғылыми әдіс ережелеріне сай 
жүргізді. Студентім зертханалық зерттеу жасауды меңгерген маман еді.
Екінші кезеңде ол «Сапасына мән бермей, өңделген сумен суғарылған бананды 
тұтынушылар сатып ала ма?» деген сұраққа жауап іздеді. Бұл кезеңде студент жо-
рамалды мұқият зерттей келе постпозитивистік бағытты ұстану керегін түсінді. Ол 
өзінің субъективті пікірімен қақтығысқа түсті, осылайша ақиқат пен шындықтың екі 
түрлі ұғым бола алатынын түсінді (екі түрлі жолмен суғарылған бананда «еш айырма-
шылық жоқ» деген ұстанымға келіскен тұтынушылардың көбі, жеме-жемге келгенде 
өңделген сумен суғарылған бананды сатып алмағандарын айтқан). Бұл сұраққа дәл 
жауап беретін нақты ережелер жиынтығы жоқ еді, бірақ зерттеушінің процесс кезін-
де ойлануға дайын болғаны және әдіс таңдауда бір жақпен шектелмегені сенімді әрі 
бағалы тұжырым жасауына ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет