y
8-тарау
сапалық және сандық әдістер туралы айтады.
y
9-тарау
аралас әдіснаманың мүмкіндіктері, қиындықтары мен тәсілдері туралы
баяндайды.
y
10-тарау
бағалау, әрекетке бағытталған және эмансипаторлық стратегия сияқ-
ты мақсатты тәсілдерді қарастырады.
ДЕРЕК ЖИНАУ.
Келесі үш тарауда деректерді тиімді жинау әдістері сөз болады.
y
11-тарау
сіз іздеген дерек иелері – респонденттеріңіз туралы ақпараттар береді,
сондай-ақ материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету, іріктеуді анықтау
және таңдау әдістері, негізгі ақпарат берушілер мен кейстер туралы мәлімет береді.
y
12-тарау
негізгі дерек жинауда қолданылатын сауалнама мен сұхбат тәрізді әдіс-
тің мүмкіндіктері мен кедергілерін талқылайды.
y
13-тарау
қайталама дерек жинау және олармен жұмыс істеу жолдарын
баяндайды.
ДЕРЕК ТАЛДАУ.
Келесі тарауларда жиналған деректі өңдеу және ұсыну жолдары
туралы сөз болады.
y
14-тарау
сандық деректі басқару мен талдау негіздерімен таныстырады.
Айнымалылардың түрлері, өлшем шкаласы, дескриптив және инференциял ста-
тистика, статистикалық тест таңдау және деректерді ұсыну туралы мәлімет береді.
y
15-тарау
сапалық деректерге арналып, сапалық талдау логикасымен және әдіс-
терімен таныстырады; сондай-ақ контент, дискурс, әңгіме, нарративті талдаулар
және семиотика мен герменевтика сияқты нақты салаларды сипаттайды. Бұл та-
рау сапалық деректерді ұсынуға қатысты мысалдармен аяқталады.
ЖАЗУДЫ АЯҚТАУ.
Ақыр аяғында жұмысты аяқтауыңыз керек.
y
16-тарау
ұзақ уақыт бойы жүрексініп жүрген жазуды аяқтау процесі туралы ай-
тады, ол үшін не істеу керегін сипаттайды; аудиторияны есепке ала отырып, логи-
калық құрылым мен нақты баяндау желісінен ауытқымай, жазу процесіне әңгіме
ретінде қарауды үйретеді. Мақсат – зерттеу жұмысыңызды жазғанда жобаның
сапасын жақсартып қана қоймай, міндетіңізді жеңілдетуге көмектесетін практи-
калық стратегиялар ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: |