Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет43/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Бағдарламаны түсіну
Зерттеу процесі кезінде стратегиядан ауытқымау үшін оқу орныңыздың 
талаптарымен және ресурстарымен дұрыстап танысыңыз. Әи�тпесе тиісті та-
лаптарға жауап бермеи�тін зерттеуге көп күш жұмсап, уақытты текке өткізіп, 
қолда бар ресурстарды толық паи�далана алмауыңыз мүмкін.
Талаптар 
Студенттер мен оқытушылардың еңсесін түсіретін жаи�ттың бірі – жақсы 
жұмыстың қои�ылған талапқа саи� болмауы. Университет хаттамасын сақтаудың 
ең оңтаи�лы жолы – бастапқы кезеңде не істеу керегін терең түсіну және зерттеу 
жасаған кезде оны естен шығармау. Зерттеу талаптары мынадаи�:
 
y
Дедлайнды сақтау
. Ең үлкен қиындық осы шығар, бірақ мерзімнен ауытқымау 
өте маңызды. Жұмысты бекітілген мерзімнен кейін өткізсеңіз, оны қабылдамауы 
немесе шара қолдануы мүмкін. Мерзімін біліп алып, жұмысты тапсырудың ең 
соңғы уақытын белгілеңіз; үлгермеймін десеңіз, жұмысқа кіріспей тұрып уақы-
тын ұзартып алыңыз.
 
y
Сөз лимитін сақтау.
Оқу деңгейіне, пәнге және университетке қарай сөз лимиті әр-
түрлі болады. Әдетте сапалық зерттеу жұмысын/тезисін жасауға лимит тағайын-
далады. Студентінің тілімдей қағазбен немесе бір арба қағазбен келгенін көрген 
оқытушының екі жағдайда да көңілі көншімейді. Белгіленген сөз лимитінен аспау-
ға және тым аз жазбауға да тырысыңыз. Кей дәріскерлер/оқу орны бекітілген сөз 
лимитін сақтамаған жұмысты қабылдамауы мүмкін.
 
y
Этикалық рұқсат алу.
Адамдар (немесе жануарлар) қатысатын зерттеу үшін бұл 
өте 
маңызды
, оны келесі тарауда тереңдете талдаймыз. Әр университеттің мұн-
дай рұқсатқа қатысты өз талабы, міндеттемесі мен мерзімі бар.
 
y
Прогресс туралы есеп беру/семинарлар.
Ұзақмерзімді жобаға кіріскенде уни-
верситет жыл сайын немесе екі жылда бір рет студенттің, жетекшінің немесе екі 
тараптың да есебін талап етеді. Студенттер тұрақты түрде өтетін семинарларға 
қатысуы керек деген талап та қойылуы мүмкін.
 
y
Емтихан тапсыру процесі.
Бұл да оқу деңгейі мен университетке қатысты. Кейбір 
зерттеу жұмысына баға қойылады не санат беріледі, ал кейде жарамды/жа-
рамсыз деп қана бағаланады. Ал жоғарырақ академиялық дәреже алу кезін-
де емтихан қабылдау процесіне сырттан мамандар шақыртылады. Қандай ма-
мандарды шақыратынын студент өзі таңдауы да, таңдай алмауы да мүмкін.


37
Жұмысты реттеу және бастау 
Кейде жұмысты ауызша қорғау керек болады. Сондықтан емтихан және емти-
хан алушы мәселесін процестің басында жетекшімен талқылап алу керек. Сонда 
ғана алдыңызда не күтіп тұрғанын біліп, қамданып жүресіз. 
 
y
Жұмыстың оригинал және плагиаттан таза болуы.
Университеттердің бәрінде 
оригиналдық пен плагиатқа қатысты анық ереже бар. Плагиаттың не екенін ұғып 
алсаңыз, дереккөздерді қолданғанда сақ боласыз.
Ресурстар
Студенттердің көбі ресурс туралы сұрауды ұмытып кетеді не ол туралы ои�-
лануға уақыт таппаи�ды. Университетіңіз/бағдарламаңыз зерттеуші-студент-
терге не ұсынатынын бірден сұрастырып, біле жүру керек. Сізге қажет қызмет 
немесе нысан туралы тым кеш білгеннің өкініші зор болатынын 2.1-қосымшада 
аи�ттық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет