Әттеген-ай! Мұны алты ай бұрын білгенімде ғой! 1-оқиға
– 1 300$! Зерттеу сапарына 1 300$ берді ме? Оны қалай алдың?
– Зерттеу жұмысын жасап жүрген студенттердің бәріне шығынды жабу үшін жы-
лына 2 500$ бөледі, арнайы форманы толтырсаң болғаны.
– Әзілің бе? Неге маған ешкім ескертпеген?!
2-оқиға
– Ксерокөшірме жасайтын аппаратқа қалай рұқсат алдың?
– Бас кеңседегі Деббиден сұрадым. Оқу орны оны зерттеуші студенттердің
бәріне беріп жатыр.
– Қандай тамаша! Соңғы алты айда ксерокөшірмеге қанша ақша жұмсаға-
нымды білсең ғой?
3-оқиға
– Қайда кетіп барасың?
– Қаланың арғы басындағы Нельсон кітапханасына барып, кітап алуым ке-
рек. Мына кампуста ол кітап жоқ.
– Неге кампусаралық интернет жүйесін қолданбайсың? Сонда саған кітап-
ты салып жібереді ғой.
– Рас па? Қашаннан бері ондай жүйе бар еді?!