Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет52/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Жұмыс ауқымын реттеу
Деңгеи�іне немесе пәніне қарамастан, студент зерттеу жұмысын қолға алған-
да бір ғана сұрақ қоямын. Зерттеуді орындаи� аласыз ба, бұл қолыңыздан келе 
ме? Зерттеу жасаи� алатынын не жасаи� алмаи�тынын анықтау зерттеу жұмысын 
сипаттаумен ғана шектелмеи�ді. Мои�ныңызға алатын жауапкершілік пен мін-
деттер де соған кіреді. Жұмыс ауқымын шынаи�ы бағалаи� алу, басқара білу өте 
маңызды. Әи�тпесе, уақыт көзді ашып-жұмғанша өте шығады.
2.1-кесте. 
Гант диаграммасы
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сә
уір
Мамыр
Мау
сым
Шілде
Тамыз
Қырк
үйек
Қазан
Қараша
Ж
елт
оқ
сан
Дайындық
хх хх
Әдебиетке шолу
хх
хх
хх хх
хх
Әдістерді анықтау 
хх
хх
Дерек жинау
хх
хх
хх
Істің барысы туралы семинар
12-ші
Дерек талдау
хх хх хх
Бірінші драфт нұсқаны жазу
хх
хх
хх хх
хх
хх хх
Екінші драфт нұсқаны жазу
хх хх хх
Соңғы семинар
27-ші
Соңғы драфт нұсқаны жазу
хх
хх
хх
Диплом жұмысы
15-ші
Жұмыс ауқымының белгілі бір ережесі жоқ. Түнімен жұмыс істеи�тін «үкі» 
шығарсыз, ерте тұратын «бозторғаи�» боларсыз, бір сәтте бірнеше міндетті ат-
қарасыз ба, тек бір жұмыспен аи�налысасыз ба, нақты жұмыс кестесі болмаса 
әрекет ете алмаи� қиналасыз ба, аяқастынан шешім қабылдаи�тын жансыз ба – 
бәрібір. Өз тәсіліңізді таңдаңыз, оның мықты жағын жетілдіріп, кемшілігімен 
жұмыс істеңіз. Жеке стиліңізді дербес жоспарға аи�налдыра алсаңыз, алғашында 
күрделі болып көрінген істі оп-оңаи� атқарып шығасыз. 


43
Жұмысты реттеу және бастау 
Паи�далы құралдың бірі – Гант диаграммасы. 2.1-кестеде оның қалаи� жаса-
латынын мысалға алдық. Гант диаграммасы жобаны бастан-аяқ жоспарлауға 
көмектеседі. Зерттеу жұмысы мың құбылып, аяқастынан өзгеріп кетуі мүмкін, 
сондықтан диаграмманы да соған беи�імдеп, өзгертіп отыру керек. Қандаи� болса 
да, әи�теуір бір жоспардың болғаны жақсы, оны талқылап, өзгертіп отырсаңыз
да, жұмысты уақытылы өткізуге көп себі тиеді.
Кеи�біреулер Гант диаграммасында жоспарланған тәртіптен ауытқымауға 
тырысады. Ондаи� ерекше жандар белгілі бір уақытта ұи�қыдан тұрып, жоспарға 
саи� қарқынды жұмыс істеп, тіпті тамақтану мен әжетханаға баруға да уақытын 
көп шығындамаи�тын сияқты. Олар аптасына бес күн бои�ы қатаң тәртіппен 
жұмыс істеи� алады. Біз сияқты қарапаи�ым адамдар мектепте қалыптасқан әдет 
бои�ынша істі кеи�інгі шегеруге дағдыланғанбыз, сондықтан ондаи� тәртіпке ба-
ғыну өте қиын. Біз оның орнына шабытты күтеміз. Шабыт жиі әрі тұрақты түрде 
келіп тұрса жақсы ғои�! Бірақ әр кез олаи� бола бермеи�ді. Сонда не істеу керек? 
Өзіңізді алдау керек, шабыт келгендеи� күи� кешуді үи�ренгеніңіз дұрыс. Мына 
кеңестерді баи�қап көріңіз:
 
y
Зерттеуге арналған журналыңызбен жұмыс істеңіз/оқыңыз
. Кез келген зерттеуші 
үшін жақсы журналдың пайдасы зор, ол шығармашылық шабыт сыйлап, процесті 
басқаруға көмектеседі. Журналда ғылыми бақылау нәтижелері, әдіс пен теория 
туралы жазбалар, байланыс деректері, түсініктемелер/ескертпелер, тың идея-
лар, суреттер мен ой картасы т.б. болуы мүмкін. Керек дүниені журналға түртіп 
қойыңыз немесе оны қайтадан оқып шығыңыз, сонда шығармашылық шабыты-
ңыз бойды керней бастауы ғажап емес. 
 
y
Өзіңізді мәжбүрлесеңіз де компьютерге отырыңыз
. Кейде ұсақ-түйек жұмыс іс-
теудің соңы өнімді еңбекке ұласуы мүмкін. Салыстырмалы түрде маңызды емес 
редакторлық жұмыс жасаңыз, деректерді немесе сілтемелерді тазартыңыз, со-
дан соң кейінге қалдырылған іске кірісіңіз. Компьютерге мүлде жоламай қойса-
ңыз, жұмыс бір қадам да алға жылжымайды. Ал бір міндетті атқаруға отырса-
ңыз, оны орындап қана қоймай, нақты жұмысқа кірісіп кеткеніңізді байқамай 
қаласыз.
 
y
Шын немесе ойдан шығарылған досыңызға хат жазыңыз
. Ісіңіз алға баспай 
жатса біреуге хат жолдап, не ойыңыз бар екенін бейресми баяндаңыз. Ғылыми 
стильден алшақтаған кезде идеялар қаптап кетеді.
 
y
Серуенге шығыңыз
. Кейде таза аудағы сейілден соң тың идеялар пайда болады. 
Қолыңызға шағын диктофон алыңыз (төсектің қасына қойсаңыз, таңертең оян-
ған кезде ойға келген идеяларды жазасыз), оны дереу диктофонға жазбасаңыз 
кейін ұмытып қаласыз.


44
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет